.«Психодиагностика» сөзі - «психологиялық диагноз қою » дегенді немесе адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы немесе қандайда бір психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.Талқыланып отырған бұл терминнің психологияда екі мағынасы бар. «Психодиагностика» ұғымының бірінші анықтамасы оны алуан түрлі психодиагностикалық құралдарды жасап, оларды практикада пайдалануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы саласына жатқызады.
Оның басты мақсаты : психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау.
Психодиагностиканың даму тарихы
Психодиагностиканың тарихы ІІІ- ғасырдан басталады. Психодиагностиканың тарихы ғылыми негізделген компакттық әдістердің, нұсқаулардың методологиясы ретінде ХХ ғасырдың басында психологиядан бөлек дами бастады.
Психодиагностиканың сандық әдістерінің басталуын XIX ғасырдың екінші жартысы деуге болады. Бұл кезде көрнекті неміс психологы В.Вунттың басшылығымен дүние жүзіндегі ең алғашқы тәжірибелік психологиялық зертхана құрылған болатын. Мұнда психодиагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен құралдар қолданыла бастады. Сондай-ақ осы уақытқа физикалық(денелік) және психологиялық құбылыстарының құрылуын жеделдеткен негізгі психофизикалық заңның ашылуы жатады. Негізгі психофизикалық заң психологиялық құбылыстарды өлшеудің мүмкіндіктерін ашты және де осы жаңалық сезімдікпайымдарды өлшеуге арналған субьективті шкалалар дегеннің пайда болуына алпы келді. Осы заңға сәйкес өлшемнің негізгі обьектіс адамның сезімдік пайымдары болды және де ұзақ ұақыт бойы XIX ғасырдың соңына дейін психодиагностика сезімдік пайымдарды өлшеумен ғана шектелді.
Адамның негізгі психологиялық процестеріне, қасиеттеріне және жағдайларына қатысты психодиагностиканыңқазігі заманғы әдістерінің қалыптасуынң бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы деп есептеуге болады. Бұл уақытта белсенді түрде әрі маман психологтардың қатысуымен ықтималдар теориясы мен математикалық статистиканың кейінірек сандық психодиагностиканың ғылыми әдістері арқа сүйей бастаған салалары дами бастады. Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеудің алғашқы және екінші әдістері дәл сол жылдары пайда болды. Алайда бастапқыда математикалық статистиканы психологияда емес, биология, экономика, медицина секілді ғылым салаларында қолдана бастады.
Психодиагностика әдістерінің жіктелуі (Б. Г. Ананьев бойынша)
Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьғв адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және жеке даралық.
Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.