Психолог: Құрметті ұстаздар және сынып қыздары! Сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымын. Сонымен, тақырып: «Қыз баланың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар»



Дата08.02.2022
өлшемі14,92 Kb.
#98946
Байланысты:
Жеке гигиена


Психолог: Құрметті ұстаздар және сынып қыздары! Сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымын.Сонымен, тақырып: «Қыз баланың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар»
Қыз қылығымен сымбатты.
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Жалпы ағзадағы өзгерістер
«Тоғыз және он төрт жас аралығында қыз баланың тәнінде болашақта оны бойжеткенге айналдыратын өзгерістер басталады. Кейбіреулерінде бұл үдеріс бұдан да ерте көрініс береді (7-8 жаста).
Алдымен қыз бала өзімен қатарлас ер балалардан аса ерекшеленбейді (жыныс ағзаларын қоспағанда): кеудесі дамымаған, қолтық пен қасағада түкті қабат жоқ, дене бітімі әлі баланыкі, яғни, бейтарап.
Жыныс ағзаларындағы өзгерістер
Сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінде де өзгеріс болады. Үлкен жыныс ернеулері пигменттеледі, кіші жыныс ернеулері үлкейеді. Еркек жыныс гормондарының әсерінен клитор ұлғаяды. Қыздық перде қалыңдайды, оның шеттері бірігіп, жіңішке ұзынша сызық түзеді. Қынап ұзарады, оның қабырғалары қалың әрі тегіс болады. Қынап қабырғалары үнемі жаңарып, жасушалар қатпарланым тұрады, сондықтан кейде мол, кейде аз көлемде ақшыл бөлінділер бөлінеді. Қынап сөлдерінің бөлінуі күшейеді. Добелейн бациллаларының арқасында ондағы орта қышқыл болады, бұл микробтардың көбеюіне тосқауыл қояды. Жатыр мойны біртіндеп томпақтанады. Жатыр кеңіп, ұзарып, алдыға еңкейген қалыпқа келеді. Жатырдың ішкі қабаты (эндометрий) қалыңдайды. Анабездері үлкейіп, ауырлай түседі. Оларда алғашқы фолликулдар пісіп-жетіледі. Олардың сөл бөлу қызметі біртіндеп күшейе береді.
Қыздың бойжеткенге айналу үдерісінде етеккір пайда болады. Тәннің алғашқы етеккірге дайындалу кезеңі орта есеппен екі-төрт жылды құрайды. Осы кезең ішінде қыз балада әйелге тән белгілер және екіншілік жыныстық белгілер пайда болады. Алғашқы етеккір, әдетте, 9-13 жаста келеді. Бірақ кейде бұл көрсеткіштен 1-2 жыл ауытқуы мүмкін.
Алғашқы етеккір
Қыз балаға етеккірдің келуі оны есеюге жақындата түседі. Бірақ шындығына келгенде, ол әлі бала. Етеккірдің келе бастауы – жыныстық жетілудің белгісі емес, оның бастамасы ғана.
Қыз балада етеккірдің келуі – оның өміріндегі өте маңызды оқиға. Бұл кезеңде ол өте осал келеді және ересектердің, әсіресе анасының қолдауын қажет етеді.
Алғашқы етеккірдің келуі кешеуілдеген жағдайда, қыз бала қатты қапалануы мүмкін. Бұл жағдайда анасымен бірге гинекологқа барып, кеңес алғаны дұрыс.
Қыз балалардың көбінде етеккір арасындағы үзіліс алғашқы уақытта дәл болмайды. Қанды бөлінділер екі үш айда бір рет, кейде бұдан да сирек бөлінуі мүмкін.
Жыныстық жетілу дами түседі, қыз баланың омырауы өседі, денесі толықсып, қасағадағы түк әйел типі бойынша бөлініп, үшбұрыш пішінді болады, ал қолтықтағы түк қалыңдай түседі.
Гигиена немесе тазалық шарттары
Жасөсіпірім қыз баланың жалпы тазалығымен бірге жыныс ағзаларының, әсіресе етеккір кезіндегі тазалығы аса маңызды. Жыныс мүшелері гигиенасы – жыныс мүшелерінің дұрыс қызмет етуінің және аурулардың алдын алудың алғаш шарты. Жыныс мүшелерін күнделікті тазалап жуу шарт. Бұл жердің терісі тым нәзік, сондықтан оны қабыну мен қозуға жол бермеу үшін ақырын, мұқият жуу керек.
Әйел жыныс мүшелерінің тазалығы оның өмірінің әр кезеңінде өзінше ерекшеленеді. Қыз бала қынабының шырышты қабаты өте нәзік, сондықтан жұқпаларға тұрақсыз және тез жарақаттанғыш. Тиісті тазалық шарттары сақталмаған жағдайда, вульвит дамуы мүмкін.
Таңертең және ұйықтар алдында кіші және үлкен дәретке отырған соң жыныс мүшелерін жылы сумен жуу шарт. Таза қолмен, мақтамен немесе дәке шүберекпен қасағадан анусқа қарай жуу керек.
Балаға кішкентайынан кіші және үлкен дәретке дер кезінде, жүйелі түрде баруды үйреткен жөн. Өйткені ішек пен қуық толып қалса, жамбас ағзаларының жұмысына кері әсер етеді. Баланың ішкиімі табиғи матадан тігілуі, жыныс мүшелеріне тым жабысып тұрмауы, қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.
Жыныстық жетілу шағына жеткенде қыз бала тазалықты сақтауға үйретілуі тиіс. Етеккір кезінде жұқпаларға деген сезімталдық артады, сондықтан бұл кезде қыз балаға ауыр дене жаттығуларын жасауға, секіруге, велосипед тебуге, жүзуге болмайды. Етеккір кезінде себілге (душқа) түсіп, жуынған дұрыс, жыныс мүшелерін күніне кем дегенде екі рет жуып, төсемені жиірек ауыстыру керек.
Жалпы, жыныстық жетілу кезінде қыз баланың толыққанды тамақтануына, жеткілікті ұйықтап, демалуына, көңіл-күйіне, жалпы психологиялық ахуалына жіті көңіл бөлген жөн. Әсіресе анасымен сырласу, ой бөлісу, оның кеңестерін тыңдау ол үшін маңызды. Ересек адамның қолдауын, түсіністігін сезінген бала өзіне сенімді болады. Сонда ғана бұл кезең ата-ана үшін де, бала үшін де еш қиындықсыз өтпек».
III. Қорытынды. Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі іс-шарамызға қатысқандарыңызға рахмет.Бүгінгі кездесуіміз аяқталды.Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет