Әңгімелесу әдісі жүйеленбеген және жартылай жүйеленген болып есептеледі. Бұл әдіс клиникалық зерттеу барысында және бала психологиясында жиі қолданылады.
Анкета әдісі. Бұл әдістің негізінде сұрақтамалар жатыр. Анкетаны жүргізудің кезеңдері мыналар:
мәліметтердің сипатын анықтау;
анкетаның жоспарын жасау;
анкетаны жүргізіп көру, түзету.
Анкеталық сұрақтардың жіктелуі:
Сұрақтардың мазмұнына қарай: тікелей және жанама сұрақтар болып бөлінуі мүмкін;
Түріне байланысты: а) ашық сұрақтар - еркін формадағы жауаптарды талап етеді. Оның кемшілігі – интерпретация жасау кемшілігі болып табылады; б) жабық сұрақтар - жауаптардың дайын нұсқаулары беріледі. Артықшылығы – интерпретациялау (өңдеу) жеңіл өтеді. Ал, оның кемшілігі – біріншіден, зерттелінушінің ойын берілген жауаптар дәл көрсете алмауы мүмкін, екіншіден, қосымша респонденттің жауаптары, ақпараттары ескерілмей қалады; в) жартылай ашық сұрақтар.
Қызметтері бойынша: қадағалаушы және сүзуші болып бөлінеді (контралирующий и фильтирующий).
Сұрақтарды қалыптастырудың ережелері:
әр сұрақ жеке логиалық тұжырым беруі керек;
сұрақтарды жасауда күнделікті сөздік қордағы сөздер қолданылуы тиіс;
сұрақтар нақты болуы керек. Артық ешқандай сөз болмауы тиіс.
сұрақтың варианттары болуы керек;
сұрақтар негативті реакцияларды тұрырмауы қажет;
егер респондент берілген варианттардың бірін таңдамаған жағдайда, спонданды түрде кездейсоқ жауап бере алу мүмкіншілігі болуы керек;
сұрақтар стереотипті жауаптарды тудыратындай етіп құрастырылмауы тиіс.
Анкетаның жалпы композициясы (құрылымы):
Кіріспе бөлімі.
Негізгі бөлім – сұрақтардың жиынтығы.
контакт орнатуға бағытталған сұрақтар;
негізгі мәселеге жауап берілетін сұрақтар алынады;
қадағалау сұрақтары және бекітуші сұрақтар беріледі.
Деографиялық бөлім. Мұнда зерттелінуші туралы қысқаша мәліметтер (оның жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы сияқты сұрақтар) алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |