“психология бойынша практикум” ПӘні бойынша


Психологиялық бақылау жүргізетін құбылыстар



бет8/27
Дата07.02.2022
өлшемі43,67 Kb.
#93364
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
Дәрістер мазмұны

Психологиялық бақылау жүргізетін құбылыстар:

  1. Индивидтің мінез-құлық ерекшеліктері;

  2. Психикалық әрекет өтуінің сыртқы формасы;

  3. Эмоционалды қалыптардың экспрессивті формалары;

  4. Тұлғалық қырлар, қасиеттер;

  5. Сөздік формада көрінген сана көріністері.

Бақылаудың категориялары мен бірліктері
Бақыланатын объектіні саналы түрде сипаттау үшін бақылау барысында арнайы бөліп шығарылған категориялар мен бірліктер болады. Яғни, субъект белсенділігінің құрамына жасанды бірліктерді бөліп шығару арқылы жүргіземіз. Мұндай бірліктерді бөліп шығару 1-ден бақылау процессінің белгілі-бір рамкамен шектелуін, 2-ден зерттелінетін құбылысты, сондай-ақ мәліметтерді тікеу тәсілін таңдап алуды, 3-ден теориялық негіздің эмпирикалық мәліметттерді алу процессіне енуін жүйелеу мен қадағалауды қамтамасыз етеді.
Ал категориялар зерттелушінің белгілі-бір теориялық көзқарасы жүйесіндегі өзіндік мәнге ие болған бағалау бірліктері.
Бақылау мәліметтерін алуда сапалық және сипаттаулар, бағалаулар қолданылады. Сапалық түрде бағалаудың 2 типі бар:
1) Тұрмыстық тілде сипаттау. Шартты атаулар мен белгілер;
2) Жасанды белгілер мен кодтарды қолдана отырып сипаттау.
Ал, сандық сипаттаудың 2 тәсілі бар:
1) Баллдық бағалаулар түрінде қолданылатын психологиялық шкалалау;
2) Уақытты өлшеу немесе хронометраж (белгілі бір уақыт аралығында бірліктердің кездесу жиілігін есептеу).
Тұтас бақыланатын процестен тіркеу үшін белгілі-бір уақыт аралығы алынады. Бұл кезең барлық кезеңді репрезентациялай алуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет