“психология бойынша практикум” ПӘні бойынша


Дәріс 9. Тақырып. Эксперимент каузалды гипотезаларды тексеру құралы ретінде



бет15/27
Дата07.02.2022
өлшемі43,67 Kb.
#93364
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
Дәрістер мазмұны

Дәріс 9. Тақырып. Эксперимент каузалды гипотезаларды тексеру құралы ретінде

Эксперимент ғылыми психологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі әдістердің бірі. Эксперименттің негізгі ерекшелігі: зерттеуші зерттеу жағдайын арнайы түрде ұйымдастырады, жоспарлайды, зерттелетін құбылыстарға белсенді әсер етеді. Зерттеу жағдайындағы әр түрлі айнымалыларды өзі қадағалайды. Айнымалылар дегеніміз бұл эксперименталды жағдайда болуы мүмкін және өзгеруі мүмкін әр түрлі психологиялық құбылыстар. Зерттеуші өзі қадағалайтын, яғни өзгерте алатын айнымалыны тәуелсіз айнымалы деп атайды, ал тәуелсіз айнымалының әсерінен өзгеретін айнымалыны тәуелді айнымалы деп атайды. Жақсы (дұрыс) психологиялық эксперимент айнымалылар арасында корреляциялық қатынастар бар екендігін анықтаумен шектелмейді. Сонымен қоса, эксперимент айнымалылар арасында каузалды қатынастарын (причино-следственные отношения) көрсететін болжамдарды тексеруге мүмкіншілік береді (Каузал - лат. тілінен аударғанда себеп деген мағынаны білдіреді).


Мысалы, эксперименталды әсерді «В» деп белгілесек, ал эксперимент соңында алынған нәтижені «А» деп белгілесек, А-ң себебі В болатынын көрсететін, яғни екі айнымалылардың арасындағы қатынасы каузалды (себепті) байланыс болатынын бекітетін негізгі шарттар орындалуы қажет. «В» - бұл тәуелсіз айнымалы, өйткені зерттеуші эксперименталды әсерді өзі ұйымдастырады, өзі қадағалайды, ал «А» - эксперименталды әсердің салдары болады, сондықтан тәуелді айнымалы болады. Эксперименталды зерттеулерде «В», яғни эксперименттік әсер тәуелсіз айнымалы, «А» - эксперименттік әсердің салдары тәуелді айнымалы ретінде алынады.
В мен А –ң арасындағы каузалдылықты көрсететін шарттар:

  1. Эксперименталды әсер уақыт бойынша эффектісінің (нәтижесінің) алдында болуы керек (уақыт бойынша В А-ң алдында болуы қажет).

  2. Эксперименталды әсер (В) мен оның нәтижесі, эффектісі (А) статистикалық түрде байланыста болуы тиіс. Егер әсер мен эффект бір-бірімен байланысты болмаса, онда олар бір-бірінің себебі болуы мүмкін емес. Мұндай байланысты (корреляцияны) тексеру үшін, арнайы статистикалық көрсеткіштер (әдістер) қолданылады. Сөйтіп, статистикалық көрсеткіштер сүзбе (фильтр) ретіндегі қызметті атқарады. Корреляцияның дұрыс емес анықталуы, статистикалық қорытындының валидтілігіне кері әсер әкеледі.

  3. Бұл А-ның қалыптасуына әсер ететін В-дан басқа шындыққа жақын, альтернативті түсіндірме болмауы тиіс.

  4. 3-ші шарт орындалмаса, онда зерттеуші осы альтернативті түсіндірмелерді – яғни, қосымша факторларды ескеру керек және оларды бақылау мүмкіншілігі болу керек. Қосымша факторларды Готсданкер қосымша айнымалылар деп атады (ПП), Корнилованың еңбектерінде - араласқан айнымалылар (СП) деп, ал Кэмпбелл жұмыстарында - арте-факторлар деп аталды. Қосымша айнымалылар (факторлар) эксперименттің валидтілігіне қауіп төндіруші факторлар ретінде қарастырылады. Белгілі-бір уақыт ішінде бір жағдайда зерттелушілердің бір ғана іріктелген тобына жүргізілген эксперимент нәтижелері бойынша орнатылған каузалды байланыс тұрақты бола алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет