“психология бойынша практикум” ПӘні бойынша


-дәріс. Тақырып: Контент-анализ



бет13/27
Дата07.02.2022
өлшемі43,67 Kb.
#93364
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Дәрістер мазмұны

7-дәріс. Тақырып: Контент-анализ

      1. Контент-анализдің қалыптасу тарихы;

      2. Контент-анализдің негізгі бірліктері мен категориялары;

      3. Контент-анализ жүргізу кезеңдері;

      4. Сандық және сапалық бірліктер.



Контент-анализ (мазмұнды талдау) әдісі - түрлі әлеуметтік зерттеулерде, соның ішінде әлеуметтік психологияда қолданылатын құжаттарды зерттеу әдістерінің бірі. Контент-анализдің басқа құжаттарды зерттеу әдістерінен ерекшелігі – зерттелінетін мәтіндердің қандай да бір мағыналық бірліктерінің кездесу жиілігін тіркеп, алынған сандық мәліметтер құжаттың сандық, сапалық және латентті (жасырын) мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде құжат адам әрекетінің мәтін түріндегі өнімі болып табылады. Сондықтан да, құжатта әлеуметтік және психологиялық факторлардың әсері зор болады. Контент-анализдің мақсаты – (мәтіннен тыс шындыққа жету) құжат мәтінінің негізінде нақты адамдар мен құбылыстар туралы, олардың әлеуметтік-психологиялық қасиеттері туралы қорытынды жасау.
Контент-анализдік зерттеуді дұрыс жүргізу үшін, мынадай талаптар орындалу қажет:

  1. Зерттеудің «кілттік» - концептуалды ұғымдары анықталу керек. Олар контент-анализдің категориялары деп аталады;

  2. Талданылатын құжаттағы осы категориялардың кездесу жиілігі және көлемі сенімді және жүйелі түрде тіркеліп отыруы қажет;

  3. Алынған мәліметтерге міндетті түрде сандық және сапалық талдаулар жүргізілуі қажет.

Контент-анализдің қолданылу аудандары мыналар:

  1. Қандай да бір топтың немесе тұлғаның хабарламасы арқылы сол коммуникатордың әлеуметтік сипатын анықтауда қолданылады. Мұнда кез-келген хабарлама алынады.

  2. Сұрақтамалардағы реципиенттің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында қолданылады.

  3. Жалпы автобиографияларға, биографияларға талдау жасау барысында қолданылады.

Контент-анализдің даму тарихы.


1. ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейінгі кезең мәлімет мазмұнын жиілік бойынша талдаудың алғашқы қалыптасу кезеңі.
2. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары классикалық контент-анализдің кезеңі деп аталынады. Оның негізін салған Г. Лассуэл мен Берельсон, сонықтан ол осы ғалымдардың атымен байланысты.
3. 50-ші жылдардың соңынан бастап 60-шы жылдардың бас кезіне дейінгі кезең. Бұл кезең Ч. Осгудтің контент-анализді жетілдіруі және Ф. Стоунның контент-анализді компьютерлеуі кезеңі деп аталады.
«Шын мәнісіндегі және ықтималды өлшемдерді салыстыра отырып, тәуелділіктердің кездейсоқ немесе кездейсоқ еместігін анықтап отырады».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет