Психологиялық эксперименттің түрлері: Табиғи эксперимент. Бірінші рет Лазурский енгізген.
Лабораториялық. Бірінші рет Вундт енгізген. Бұл эксперимент 2-ге бөлінеді: камералық (техникалық құралдар қолданылмайды), лабораториялық (техникалық құралдар қолданылады).
Көлденең кесетін эксперимент (поперечный) – осы сәттегі психикалық ерекшеліктерді зерттеуге арналған эксперимент.
Лонгитюдттік эксперимент – ұзақ уақыт бойы жүргізіледі, психикалық құбылыстардың динамикасын анықтауға арналған.
Қалыптастырушы эксперимент – экспериментатор арнайы әсер арқылы өзіне қажетті психикалық ерекшеліктерді (өзгерістерді) қалыптастырады. Эксперименталды және бақылаушы топты қажет етеді және ұзақ мерзімде жүргізілуі тиіс.