Готтстанкер эксперименталды гипотезалардың мынадай түрлерін ұсынады: Контр-гипотеза – негізгі эксперименталды гипотезаға қарсы, альтернативті.
Үшінші эксперименталды гипотеза- негізгі, альтернативті гипотезаларға конкурентті гипотеза.
Дәл эксперименталды гипотеза – бір ғана тәуелсіз айнымалы мен тәуелді айнымалының арақатынасын көрсететін гипотеза.
Максималды немесе минималды мән жөніндегі гипотеза – тәуелсіз айнымалының қандай деңгейінде тәуелді айнымалы максималды немесе минималды мән қабылдайтыны туралы гипотеза.
Жинақталған (комплекстік) эксперименталды гипотеза – факторлық эксперименттерде қолданылатын, бір неше тәуелсіз айнымалылардың тәуелді айнымалыға әсері, бір бірімен байланысы туралы гипотеза.