Дәріс 12. Тақырып. Ғылыми зерттеулердегі гипотезалар. Гипотеза (болжам) – бұл әлі де бекітілмеген және әлі де жоққа шығарылмаған, теориядан немесе тәжірибеден туындайтын ғылыми болжам. Ғылыми методологиясында теоритикалық гипотезалар мен эмпирикалық гипотезалар бөлініп шығарылады. Теориялық гипотезалар теория негізінде пайда болады және ол теориядағы ішкі қайшылықтарды, қарама-қайшылықтарды тексеру мақсатымен қолданылады. Қандай да бір теория моделін тексеру үшін қолданылады. Теоретикалық гипотезаларды толық түрде зерттеген Файерабенд. Оның айтуынша теоретикалық ғылыми гипотезалар мынадай принциптерді қанағаттандырушы керек:
фальсификация принципі – эксперимнтте жоққа шығарылу, бекітілмеу принципі.