Қозғалысты ес – әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту.
Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.
Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, сипап сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді.
Сөздік-логикалы ес мазмұнына біздің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөздік-логикалы болатыны осыдан.
Арнайы есте қалдыру, не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс – ырықсыз көрініс беріп, ал егер процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие.
Нақты қызметтік ес адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады.
Ес процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, есте сақтау, ұмыту.
Есте қалдыру – бұл есте қалдырудың бастапқы формасы, ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру.
Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіру.
Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс.
Ұмыту - бұл табиғи процесс. Сақтау және есте сақтау сияқты, ол таңдамалы болып табылады. Ұмытылатын нәрсе, ең алдымен, адам үшін маңызды емес нәрсе.
4 Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психикалық әрекетіндегі рөлі. Қиялдың түрлері. Қиял және шығармашылық. Қиялды қалай дамытуға болады?
Қиял - бұл бейнелеу немесе идея түрінде жаңа нәрсе жасаудың психикалық процесі.
Қиялдың түрлері: актив (қайта жасау, шығармашылық, арман (болашақ оқиғаларды болжау) және пассив.
Актив қиял – адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.
Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды. Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, сұлба сызықтарын дұрыс түсінумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болу қажет. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы – көркем әдебиеттерді оқу, яғни қиялды өсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны көргендей, естігендей болып отыру қажет. Қиялы бай адам кітаптағы кейіпкерлер мен түрлі оқиғаларды көз алдында тұрғандай көріп, кейіпкерлермен бірге жүріп, бірге тұратындай сезінеді. Бұл - қайта жасау қиялының көрінісі.
5 Ойлаудың табиғаты және негізгі түрлері. Ойлау формалары. Интеллект туралы түсінік. Ақыл-ой операцияларының негізгі түрлері (салыстыру, талдау және синтез, абстракция және конкретизация, индукция және дедукция).
Көрнекі-әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді. Бұл ой формасы үш жасқа дейінгі сәбилерге тән және ересектер тәжірибесінде де кездеседі. Көрнекі-бейнелік ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық, әрі жан-жақты көрініс береді. Сөздік-логикалық ойлау тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі. Көрнекі-әрекеттік, көрнекі–бейнелік, сөздік–логикалық ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың даму кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі сенімді көрсетілген
Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, қорытынды, ұқсастық.
Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстың жалпы, сондай-ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Мысалы: студент, оқытушы. Пікірде бір нәрсе не мақұлданады, не теріске шығарылады. Бір немесе бірнеше пікір негізінде нақты бір қорытынды жасалады. Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады. Ой қорытындылары индукциялық, дедукциялық, аналогиялық болып келеді. Индукциялық ой қорытындылары жеке фактілердің негізінде қорытынды жасау, жалпы пікір айту. Дедукциялық ой қорытындылары жалпы ережеден жеке қорытынды жасау. Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Аналогия ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі рөл атқарады.
6 Зейін туралы түсінік. Зейіннің негізгі түрлері. Зейін қасиеттерінің негізгі сипаттамалары (тұрақтылық, бөліну, шоғырлану, ауысу, көлем).
Зейін - бұл психиканың (сананың) қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы немесе шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.
Зейіннің негізгі қасиеттері:
1. Зейін көлемі бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Көз зейіні бір дегенде әріп, сан, сурет бірнеше нәрселердің санын анық қабылдайды.
2. Зейіннің шоғырлануы (концентрациясы) - бұл объектіге шоғырлану дәрежесі.
3. Зейіннің бөлінушілігі бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу немесе бірнеше процесті, объектіні бақылау мүмкіндігінде көрінеді.
4. Зейіннің тұрақтылығы - бұл іс-әрекет процесінде зейіннің жалпы бағыты. Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зейіннің тұрақтылығына қызығушылық айтарлықтай әсер етеді, бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді.
5. Зейіннің аударылуы зейінді қайта құрудан, оны бір объектіден екінші объектіге ауыстырудан тұрады.
6. Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады
Достарыңызбен бөлісу: |