Психология ғылымы және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет4/4
Дата13.01.2022
өлшемі190,84 Kb.
#111515
1   2   3   4
Байланысты:
Дариға-Психология
жусипбек 11, ~$.09.2019 І кезең, СОР Алгебра 7кл каз, умф 60 сүрақ, умф 60 сүрақ, 00157bc3-f6afa504, Ар-ұждан ілімі-4 сынып 21, Мен азаматпын 4-сын
Инженерлік психология –еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі.Ол адамның машинамен өзара әрекеті туралы мәселені, оның өзінде, негізінен өндірістік механикаландыру мен автоматтандырудың жоғары сатыға көтерілген жағдайында, басқарудың автоматтандырылған жүйесі жағдайында зерттейді. Спорт психологиясы спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеп дайындайды, спорттық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру заңдарын зерттейді, жарыстық тартыстар жағдайында спортшының сана көріністерін тексереді, спорттық шайқастарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады. Заң психологиясы тергеудің психологиялық аспектілерімен, куәлар жауаптарының талдауы, куәгерлік көрсетулерді, жауап алуға қойылатын талаптарды талдаумен байланысты проблемаларды зерттейді. Бұл сала сондай-ақ қылмысты адамның психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстың жасалу себептерін, тұтқынның психологиясын және еңбекпен түзеу коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттейді.

Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы ,ұрыс кезіндегі ,әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен шұғылданады.Әскери психологияның маңызды міндеті-әскери оқу мен тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады. Патологиялық психология адамдардың нормальді психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі ауытқуларын зерттейді.Психологияның бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология/психикалық дамудың мидың туа біткен ақауларына байланысты патологиялық жағдайларын тексереді/,тифлопсихология /соқыр немесе нашар көретін адамдардың психологиясын зерттейді/,сурдопсихология/есту қабілетінің бұзылуымен байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді/бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет