2.2 Жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіну.
Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теғориясы негізінде түсіндіреді.
Осы қисынның ірге тасы Әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде мида түйсік, қабылдау, елестету, ой сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін кейде бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы депа атайды. Сана сыртқы дүниенің бейнесі дегенді қалай түсінуге болады? Біздің миымыз сыртқы әсерлердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге қабілетті. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа дәл келеді. Бейнелеу процесі әр адамның өмір тәжірибесіне, нанаым сеніміне орай өзіндік өзгешеліктерге толы болады.
Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәуленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз. Ал егер затты алып кетсек, оның суретінің де айна бетінен жоғалып кеткені мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес, яғни сыртқы орта әсер етпейінше, мида ещқандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейне де, адам миындағы бейне де «бейнелену» деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле «жансыз» сәуле болып табылыды. Ал адам миында болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі – соңғы бейне өте күрделі, ол нерв процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейнесінің екінші бір бейнесі оның сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнелеудің осы түрі ұзақ уақыттық тарихи дамуының нәтиежиесінде, адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында пайда бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеген асады. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. ОЛ белсенді әрекеттену негізінде, әртүрлі обьектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелену – заттың миға әсер етуінін ғана болатын бір жақты процесс емес, субьект (адам) пен обьектінің (сыртқы орта) өзара байланысының нәтиежиесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама шарқанша өңдеп, саналы түрде бейнеленбейді. Бейнелену ми қабаты жықпалдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады.
Бейнелену формаларының шығуына құрамында белоктық заттар бар тіршіліктің пайда болуы шешуші роль атқарады. Тітіркенушілік, яғни бір организмнің сыртқы әсерге жауап бере алу қабілеті, нерв жүйесі күрделі сипат алған сайын организімнің сыртқы ортамен байланысында елеулі орын ала бастайды. Мәселен, балықтардың миы өте мардымсыз болса, сүтпен қоректенушілердің миы бұған қарағанда жақсы дамыған. Жануарлар миының алдыңғы жағы өскен сайын олардың сыртқы ортамен байланысының дәрежесі, яғни бейнелеу мүмкіншілігі де арта түседі.
Бейнелену теориясының мәні басқаша түсінетіндер де кезеседі. Неміс ғылымы Г.Гельмгольц: (1821- 1894) « Мидағы бейнелердің сыртқы дүние заттарымен ешқандай ұқсасатығы жоқ, бұлар – заттық бейнесі емес, оның символы», - дейді. Бұл теория біздің сезім мүшелеріміздің көрсеткеніне сенбеушілік туғызыды, обьективті дүниені жоққа шығарады. Заттығ бейнесі бір басқа да, шартты таңба – символ бір басқа. Бейне «кескінделетін» сыртқы заттың обьективті болуының қажет етеді, ал «таңба» мен «символ» оны турадан-тура жоққа шығарады.
Адам санасының табиғатын осылайша түсінетіндерді ғылымда тұрпайы матералистер дейді. Мәселен, 19 ғасырда өмір сүрген немістің кейбір оқымыстылыры ( Молешотт, Бюхнер, Фохт): «бауыр өтті өзінен қалай бөліп шығарса, ми да ойды солай бөліп шығарады» деп адамның сана сезімін, ойлау процесін ми шығаратын заттың ерекше бір түрі деп түсіндіреді. Бұл өте тұрпайы түсінік. Шынында, сана сол материяның өзі болса, бұдан материя мен сана арасындағы айырмашылық жойылады да, бұл екеуі бірдей болып шығады. Ғылыми түсінік бойынша психика, сана зат емес, оны көруге де, суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол матариялдық бейне емес, идеалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, нерв жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.
Достарыңызбен бөлісу: |