2.5 Психология салары.
Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес. Көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарабы басымдау, дүниетанымдық пән болса, ол қазіргі кезде ол өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірісті, мемлекетті басқарушысы, білім беру жөніндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір санасына айналуда.
Сонымен осы заманғы психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесі мен байланысуда. Әдетте, психология саларын жіктеудегі неізгі принцпі – психиканың іс-әрекетте даму принцпі. Сондықтан, көбінесе психолгия салаларын топтастыру негізінде адамдардың әртүрлі еңбек әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудан психологиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, авиация психологиясы, ғарыштық психология т.б бар.
Педагогикалық психологияның қызметі адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту-тәрбиелеу психологиясы.
Медициналық психология дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-құлығының психологиялық мәнін зерттейді. Ол психикалық құбылыстардың ми физиологиялық құрылымдарымен байланысын айқындаушы нейропсихология; емдік дәрілердің адамның руден туындап және жойылуына орай танылады.
Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды.
Жантану ғылымы үшін даму принцпі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтін обьектісі психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді. (Б.Ф. Ломов)
Психология әдістері. Ғылым ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмеген әдістер аймаған тануды да қамтиды. Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Ғылым әдістері жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негізгі заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негізгі заңдылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдістері ғылымның өзіме бірге дамып, өзгеріске келіп отырады.
Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болды, мұндай ғылыми психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар келесідей:
Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғат арасындағы толық сәйкестікті таба білу;
Психикалық құбылыстарды зерттеуде психо-физиологиялы принцпті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану қажет.
Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекеті әлеуметтік-тарихи талдау нәтиежиесіне арқа сүйеу.
Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс-әреекті және оларды қозғайшы кұштердің үздіксіз даму процесінде нақтылау.
Әрқандай ғылым сияқты спихолгогия да қилф әдңстердің тұтас жүйесін пайдаланады. Қазіргі заман ғылыми спихологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымен тануда.
Достарыңызбен бөлісу: |