2.3 Қазіргі заман психологиясының міндеттері.
Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқын мен дамуда. Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмперикалық деректер мен толығуда. Б.Ф. Ломов «Психолгияның методологиялық және теориялық проблемалар» атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгінгі күнде психологиялық әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады» - деп жазады. Психологияның зерттейтін құбылыстар әлемі ұланғайыр. Оның ішіне күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелері әсер ертуші обьектінің қарапайым жеке белгілерінен бастап, жеке адам мотивтерінің тайталасы кіреді.
Жантану ғылымы үшін ең маңызды мәселелердің бірі-зерттелуші құбылыстардың мән – мағынасын ашып беру. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мәнін тануда Б.Ф. Ломов өзінің еңбегінде психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бірге бұл категоияларының өзіндік дербестікте екендігін айқындап берген. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын айтады: бейнелеу категориясы, іс-әрекет категорясы, жеке адам категориясы, тіл қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсінікткр – «әлеуметтік» және «биологиялық». Адамның әлеуметтік және табиғат қасиеттерінің обьектив байланыстарын, оның дамудағы биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым міндеттерінің ең бір қиыны.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүние танымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазіргі кезеңде оның қоғамдағы ролі көп өзгеріске ұшырады. Ол енді білім жүйесіндегі, өндірістегі, мемлекеттік басқару, мидицина, спорт және т.б. кәсіби практикалық қызметтің ерекше саласына айналып барады. Психология ғылымының практикалық міндеттерді шешуге араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да біршама өзгерді. Шешімі психологиялық біліктілікті қажет еткен міндеттер адамдық фактор маңызын жоғарлаудан қоғам өмірінің барша тарапында әр қилы формада пайда болуда. «Адамдық фактор» дегеніміз әрбір азамат тұлғаға тән болып, олардың нақты іс-әрекетінде көрініс беретін әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психофизи –
ологиялық қасиеттердің кең ауқымы.
Біз бұл жерде осы күнгі қоғамдық тәжірибенің психология алдына қойған талаптарының бәрін талдау міндетін алмай (өйткені, адам араласқан жердің бәрінде мың сан міндет), бала психикасының дамуына байланысты психологияның маңызын қысқа атап өтпекпіз. Халықты білімдендіру жүйесінің барша бөліктерінде (мектепке дейінгі, орта, жалпы білім беру, орта арнаулы, жоғары мектеп) психологиялық проблемалар шексіз. Психикалық құбылыстардың жүйесі түгелімен қарапайым түйсіктен бастап, жеке адам психикалық қасиеттеріне дейін – оларды басқарушы обьектив заңдылықтарын ашу үшін зерттеу, оқу мен тәрбиенің теориялық негізін, қоғамдық міндеттерін, ұйымдастыру формаларын анықтап белгілеуде орасан маңызға ие.
Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдануынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нәтиежиелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл.
Достарыңызбен бөлісу: |