Психология кафедрасы абдраманова н. Ш. Психология п


тақырып. Іс-әрекет пен қарым-қатынастағы жеке тұлға



бет3/8
Дата24.05.2023
өлшемі63,09 Kb.
#177609
түріИнтервью
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Психология пәнінен практикалық сабақ

3 тақырып. Іс-әрекет пен қарым-қатынастағы жеке тұлға
Сабақтың мақсаты: Іс-әрекет туралы теориялық білім беру,ойлау операцияларын дамыту.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Іс-әрекетте жеке тұлғаның дамуы: белсенділік, кәсіби және тұлғалық қасиеттердің дамуы
2. Қарым-қатынас және жеке тұлға
3. Қарым-қатынастың қызметі мен құрылымы
4. Қарым-қатынастың әлеуметтік жақтары: интеракция, перцепция, коммуникация


Әдістемелік нұсқау:
а) Қ.Сейталиевтің Жалпы психология оқу құралы, С.Жақыпов Жалпы психологияға: кіріспе оқу құралы бойынша Іс-әрекет тақырыбын оқып мазмұндау. Топта «Өкіл әдісі»бойынша өзара ақпараталмасу. Топпен кесте толтыру
б) Әдебиеттерді пайдалана отырып оқыған материалдарына сүйеніп презентация жасау. АКТны қолдану
4 тақырып. Психологиядағы тұлға мәселесі
Сабақтың мақсаты: Тұлғаның негізгі көреткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық, тақырыпты ашатын негізгі ұғымдармен таныстыру;тұлғаның бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жеке тұлғаның дамуында іс-әрекет пен қарым-қатынастың рөлі.
2. Жеке тұлға туралы теориялары.
3. Жеке тұлға типологиялары.Жеке тұлғаның әлеуметтенуі сұрақтарына жауап бере отырып Эссе жазу
Әдістемелік нұсқау:
а) С.Жақыповтың Жалпы психология: кіріспе оқу құралы бойынша Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде тақырыбына дайындалу
б) «Тұлға» деп кімді айтамыз немесе Менің түсінігімде «Тұлға» дегеніміз тарыбында Бапаева М.Қ., Әбеуова И.Ә., Бапаева С.Т. Тұлға психологиясы оқулығын және Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. Оқу құралы бойынша теориялық талдау жасап және осы жердегі білімдерді негізге ала отырып эссе жазыңыз. Эссе жазбас бұрын тақырып бойынша теориялық біліміңізді пысықтап алыңыз.
Эссе құрылымы:
1. Титулдық бет
2. Кіріспе – аталмыш тақырыптың мәні мен негізділігі. Ол үшін Сізге «Бұл тақырып неліктен маңызды?», «Менің өмірім мен болашақ кәсібімде ол несімен қызықты және пайдалы?» сұрақтарына жауап іздеу көмектесе алады.
3. Негізгі бөлім – аталмыш мәселенің теориялық негіздері мен негізгі мәселені мазмұндау.
4. Қорытынды бөлім – тақырып бойынша жалпы негізді қорытынды жасау.
Эссе көлемі 2 беттен аспау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет