Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.