Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофренопсихология[7] – ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдопсихология[8] – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифлопсихология[9] – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.
Салыстырмалы психология
Салыстырмалы психологияға зоопсихология[10], этология[11] дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
Әлеуметтік психология
Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.