Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Психологияның зерттеу объектісі Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |