Икемделу (адаптация) күбылысы. Ескеретін жайт, біздің
сезім мүшелеріміздің сыртқы эсерлерге жауабы, оларды қабыл-
дау мүмкіңдігі өзгермелі, сондықтан жоғарыда эңгіме еткен
сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысып отырады.
Мысалы, қараңғылықта біздің көру сезіміміз әсерлене түседі де,
ал күшті жарықта оның сезгіштігі бэсендейді. Мұны қараңғы
бөлмеден жарыққа шыққанда не жарықтан күңгірт жайға ен-
генде байқаймыз. Бірінші жағдайда көз қамасып, түк көрмей
қалады, көздің күшті жарыққа үйренуі үшін біраз уақыт қажет
болады, ал екінші жағдайда — керісінше, аса жарық жерден
жарығы солғын бөлмеге кірген адам алғашқыда көруден қалып,
енді осы жағдайға икемделуі үшін оған 20-30 м. уақыт керек.
Бұл келтірілген мысалдарымыз біздің көру сезіміміздің қор-
шаған орта жағдайына орай өзгеріске енетінінің дэлелі. Мұн-
дай құбылыс сезім мүшелеріміздің бэріне де тэн. Осыдан, сезім
мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделуін