ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер
талдағыштар сезімін
жоғарылатады, ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді, бұл жа-
лпы заңдылық.
Талдағыштардың өзара ықпалды
әсерінен сезгіштіктің ар-
туы —
сенсибилизация
деп аталады. Сезгіштік деңгейінің жо-
ғарылауы екі сипатта көрініс береді (А.Р. Лурия): 1) ұзакка
созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты
өзгерістерге байланысты;
2) уақытша, субъект кейпіне, физиологиялық не психологиялық
себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды.
Көзге түскен жарық мөлшері
оның көру қабілетімен қатар,
есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады.
Әдетте, қызыл түс адамға ақ, қара түстерді дүрыс ажыратуға
жәрдемдеседі.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік
туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің
пайда болуына
да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады.
Бұл қүбылыс психологияда
синестезия
деп аталады. Мысалы,
кейбір адамдар біреудің ас, тагам жөнінде әңгімесін есіте оты-
рып, бұған коса түрлі дәмдер мен дастархан бетіндегі түрлі
түстерді де сезінуі мүмкін.
Синестезия құбылысы — ағза талдағыштарының өзара
түрақты байланыстылығы мен объектив дүниені
бейнелеудегі
сезімдер тұтастығының жэне бір дэлелі.
Достарыңызбен бөлісу: