Психология


Қабылдаудың физиологиялық негіздері



Pdf көрінісі
бет151/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   322
2.9. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы үдеріс. Оның негі- 
зінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецептор- 
ларға эсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда бол­
тан шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жа- 
тыр. Ми қабығы бөліктеріне келіп түскен қүрамды тітіркен- 
діргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау 
объективі талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, 
сонымен бірге оның барша қасиеттері біртүтас сапалық бейнеге 
біріктіріледі.


Түйсікпен салыстырғанда қабылдау үдерісі ми қызметінің 
ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау болмай, қабылдана- 
тын зат не құбылыстың мэн жайына жету мүмкін емес. Мы- 
салы, түсініксіз тілдегі ауызша баянның басы мен аяғын аңдау 
мүмкін емес, тұтасқан дыбыстык сарын. Ал енді осы баянды 
түсініп, қабылдау үшін оны бөлек тіркестер мен сөздерге мағы- 
насына орай жіктеу қажет, яғни естіп түрғанымызды дұрыс 
қабылдауымыз үшін талдаумен бір уақытта біріктіру әрекеті де 
жүріп жатады. Осының арқасында біз дараланған дыбыстарды 
ғана қабылдап қоймастан, түтас сөздер мен сөз тіркестерін ұға- 
мыз. Мұндағы бірігу уақытша жүйке байланыстарының түзі- 
луімен жасалып отыр. Жалпы қабылдау жүйке байланыстары- 
нын екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш 
төңірегінде түзілген де, екіншісіне — талдағыштар арасындағы 
байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті 
кұрамды тітіркендіргіштердің эсер етуінен болады, мысалы, 
есту талдағышына эсер етуші жеке дыбыстардың ерекше 
бірікпесінен пайда болған эн-күй біртұтас күрделі тітіркендір- 
гіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін 
бірігім (интеграция) үдерісі мен күрделі синтездің болуынан.
Құрамды тітіркендіргіштердің эсерінен түзілетін жүйке бай- 
ланыстарының екінші түрі — әртүрлі талдағыштардың ара- 
лық байланысынан, затгар немесе кеңістікті қабылдау, көру, 
қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара бай­
ланысынан (ассоциация) жүзеге келеді (И.П. Сеченев). Адам- 
дағы бүл ассоциацияларға нақты зат не кеңестіктегі қатынас- 
тарды белгілейтін сөздің 
дыбыстық
бейнесі косылады. Зат- 
тардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түй- 
сігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.
Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары 
объектив дүние заттары мен қүбылыстарының шындық ара- 
қатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар 
арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы 
талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де 
қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті 
салмақ жэне т. б.). Түйсікке қарағанда қабылдау барысында 
біздің дүниені тереңірек кабылдап, дэлірек тануымыз осыдан.


Сонымен, қабылдау сынды бейне түзуші күрделі үдеріс 
негізінде бір талдағыштың өзіндегі жэне талдағыштар аралық 
байланыстар жататынын аңдадық. Осы байланыстар арқылы 
біз тітіркендіргіштерді жете танып, күрделі тұтастык құраған 
зат қасиеттерінің өзара ықпалды эрекеттерін ескереміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет