Психология


 ЕС п с и х о л о г и я с ы



Pdf көрінісі
бет159/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   322
3. ЕС п с и х о л о г и я с ы
1. Ес жөнінде түсінік. 2. Ес теориялары. 3. Ес түрлері. 4. Ес
үдерістері.
3.1. Ес жөнінде түсінік
Біздің эрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет-қы- 
лығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, 
қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны 
баршаға мэлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді 
жадымызда қалдырып, сақтап кейін бұрын білгендерімізді 
жойып алмастан қайта танып жаңғыртумен ақпарат топтауы- 
мыз 
ес 
деп аталады.
Сонымен ес — бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құ- 
ралған күрделі психикалық үдеріс. Ес адамға өте қажет жан 
кұбылысы. Оның арқасында субъект жеке басының өмірлік 
тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді 
шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тэжірибе іздері қан- 
шама уақыт сақталуы мүмкін?, есте қалдырудың ұзақ не қысқа 
мерзімді болуы неліктен?, ее іздері қандай өзгерістерге түсуі 
мүмкін?, естің адам танымына ықпалы қандай?
Сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғашқы 
эксперименттерін осы ес мәселесін зерттеумен байланыстырды. 
Өткен ғасырдын, 80-жылдары неміс психологі 
Г. 
Эббингауз 
ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: 
мағынасыз эріп буындарын жаттата отырып, материалды есте 
қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр 
Э. Крепе-
лина аталган тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың 
есте қалдыру (жаттау) эрекетін тексеру үшін қолданды. Адам 
есінің бекуі жэне қайта жаңғыруымен байланысты негізгі зад- 
дар 
Г.Э. Мюллер 
еңбектерінде жария етіпді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен 
байланыстырылды, ал XIX ғ. аягы мен XX ғ. басында гылыми 
іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтау- 
дың жалпы табиғи, адамга да, жануарға да бірдей тетіктері


алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген америка психологі 
Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу заңдылық- 
тарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте (шы- 
тырман қуыс-қолтық) жол табуға жаттықтырып, одан қа- 
лыптасатын дағдылардың бірізді беку үдерісін байқастырды. 
XX ғ. алғашқы он жылдығында ес үдерісін зерттеу жаңа ғылыми 
формаға еніп, ол 
И.П. Павлов 
ашқан шартты рефлекстер әдісі- 
мен байланысты болды. Есте қалдыруға ыкпал жасаушы жаны 
шартта байланыстардьвд пайда болуы мен олардың сақталу 
жолдары осы 
И.П. Павлов 
жаңалығына орай белгіленді. Бұл 
кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым 
үдерістерімен ғана шектелген еді.
Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа 
түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты жэне 
саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып
олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да, табиғатган 
тыс жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтан да ес- 
тің жоғары формаларының пайда болуы мен даму себептерін 
айқындау философ-идеалистер күн тэртібінде тіпті де қойыл- 
мады (А. Бергсон).
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалы- 
мы 
Л.С. Выготский 
есімімен байланысты. Ол 20-жылдар 
аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формалары- 
ның дамуы жөніндегі мэселені қозғай отырып, олардың әлеу- 
меттік негізге ие психикалық іс-эрекеттің күрделі түрі екенін 
алғашқы рет дэлелдеді. ¥лы ғалымның ізбасарлары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет