Психология


тушы ес; 2) тану есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес



Pdf көрінісі
бет179/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   322
тушы ес; 2) тану есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес.
Мысалы, бала өлеңді жаттап алды. Егер уақыт өтуімен шэкірт 
жаттағанын түгелдей жанғырта, айтып берсе, онда балада бірін- 
ші деңгейдегі, ең жоғары естің болғаны; егер ол жаттағанын 
айтып беруде көп күштелінсе, бірақ оны кітаптан немесе басқа- 
ның айтуында тани алса, екінші деңгейлі еске не болтаны; егер 
талапкер жаттағанын өз бетінше кітаптан да, басқаның еске 
салуымен де қайталап, айтып бере алмай, бірақ толық еске 
түсіріп, айтып беру үшін кайта жатгауда аз уақытта нәтижеге 
ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны.
Үмыту материал қүрылымын тузуде, яғни жоспарлауда, оның 
кейбір мэнді бөлшектерін назардан тыс қалдыруда, жаңа жат- 
тағандарын ескілерімен шатастыруда көрініс береді. Ұмытшақ- 
тықты жеңу үшін оның туындауына себепші келесі занды- 
лықтарды білу қажет.
— Ұмытудың уақыт ішінде желісі эртүрлі. Жатталғанның 
есте түрмауы материалды бірінші қабылдаудың ізін ала бо- 
лады, ал кейін қайталанған ақпарат ұмытыла бермейді.
— Қабылданған материалды қайталап бару жүмыстарын 
кейінге ысырып қоймай, дер мезгілінде орындап түрған жөн.
— Қабылдаудың ізін ала ұмытылған материал бірталай уақыт 
өтуімен қайта еске оралады. Бұл құбылыс психологияда жоба- 
лай еске түсіру) деп аталған.
— Материалдың тез естен шығып, ұмытылуы, оның түсі- 
ніксіздігінен, мағынасына жете ене алмағандықтан да болады. 
Сондықтан эрдайым педагог ұсынылған материалдың жеткі- 
лікті деңгейде түсінікті болғанын анықтап алғаннан соң ғана 
оны есте қалдыруға байланысты жаттығуларға өткені дұрыс.


— Адамның ұмытшақ болуының үлкен бір себебі—оның 
айналыскан материалының қызықты болмай, тұрмыстық қажет- 
тілікпен байланыспауынан келіп шығады. Осыдан да ересек 
адамдардың көбі өз кәсібіне, өмірлік қызығуларына орай өткен 
оқиғалар мен кезіккен ақпараттарды жадынан шығармайды.
— Ұмыту желісі материал көлемі мен оны игеру қиын- 
шылықтарына тікелей байланысты.
— ¥мыту үдерісінің кем болуы үшін жаттау қызметінен 
кейінгі іс—эрекет алдыңғы жаттауға кедергі болмай, оны кайта- 
лауға байланысты жұмыстармен ұштастыруға мүмкіндік бер- 
гені орынды.
— Ұмытшақтыққа себепші көп жағдаяттардың ішінде аса 
қатерлісі — адам жүйке жүйесінің эртүрлі сырқаттарға шал- 
дығуы мен бас құрылымының кездейсоқ соққылар мен жара- 
қаттар алуы. ¥мыту қызмет бабымен шаршауға да байланысты. 
Қажетті материалға назар аударуға кедергі келтіретін шектен 
тыс
әсерлер де үмытшақ болуға өз ықпалын тигізбей қоймайды.
Ұмытшақтыкпсн күресте жоғарыда келтірілген жаттаудың 
ғылыми негізделген эдістерін білу көп жәрдемін тигізері сөзсіз. 
Бұл ұсыныстарды елемеуден материалды есте калдыру мен 
есте сақтау үшін бекерге уақыт жойып, көп еңбек сарп етіп, 
ақырында межелеген нэтижеге жете алмай қалу екінің бірінде 
болатын жағдай.
Естің бүзылысы. Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері 
ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететін эр- 
түрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алды- 
мен ес бүзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл-ес сырқаты көбіне 
ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырыксыз 
(тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана 
көрген, білгенін қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ 
өткендегілерін түгелдей, жақсы болжастыра алады. Науқас адам 
атам заманда не оқығаны, қандай қызмет атқарғаны жөнінде 
жай-жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы 
бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, 
кездеспеді ме — бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таң 
қалғандай. Бұл адамдағы қайта жаңғырту, еске түсіре, жадқа 
айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.


Е 
ейде өткендегі оқиғаларды да қайта тіктей
алмаудан көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк 
хабарсыз, бұрынғыны бүгінгісімен шатастырады, жыл, айла- 
рын алмастырады, яғни уақыт пен кеңістік өлшемдерін тара- 
зылай алмайтын жағдайға түседі. Сонымен бірге, науқас адам 
санасында өте бір ұзак уақытта болған қандай да бір оқиға, 
жағдай естен кетпестей орын тебуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда ес өз желісінің бұзылуынан да көрі- 
неді: адам белгілі бір уақыт аралығында тәп-тәуір жаттап, 
материалды қайта жаңғырта алса, ал қысқа бір мерзім өтумен 
бұл қабілетінен айырыла қалады. Мұндай сырқатқа шалдық- 
қандар кейде оқыған, білгендерін түбегейлі түсіре, тэптіштеп 
айтып беріп отырса, біраздан соң әйтеуір жай нәрсені есіне түсіре 
алмай, қиналады. Мүндай жайлардан адам есі үзіліске түсіп, 
оның ой жүрісінің бүзылғанын байқаймыз.
Ес бұзылыстарын зерттеу ми сырқаттарының белгілерін дэл 
танып, болжастырумен бірге адамның өте күрделі ес қызметінің 
психологиялық тетіктеріне жэне жалпы ми табиғатына бай- 
ланысты сырларды ашуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет