тығына орай әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Танудьщ ең
төменгі дэрежесі адамның
алдындағы затты дэл біле алмай, тек
шырмытуынан білінеді. Ал аса жоғары тану дэрежесі адамда
қабылданатын зат бойынша ешқандай күмәні болмаған жағ-
дайда байқалады; толық тануда
субъект қабылданып жатқан
нәрсені қалтқысыз белгілі топқа жаткызып, онымен қандай
жағдайда кез болғанын айтып бере алады немесе оны тани-
тыны жөнінде қосымша айғақтар келіреді.
Қайта жаңғыртудың танудан өзгешелігі: ол
танудан соң іске
асады немесе тіпті тікелей танусыз-ақ, одан тыс жүзеге келуі
мүмкін. Сондықтан да бұрынғыны қайта жаңғырту үдерісі
танудан гөрі күрделірек келеді. Мысалы, шэкірт мэтінді қайта
оқи отырып оңай таниды,
ал кітап жабық болып, мэтінді тіке
лей көрмесе, ол, әлбетте, біраз қиналады.
Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске
түсіру арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда іске белсенді еріктік
эрекет қосылады.
Материалды еске түсіруде жоспарлы берілген сүрақтардың
көмегі үлкен. Сүрақтар баланы негізгі мақсатқа жетелеп, мате
риал мәтіндері арасындағы уақытша байланыстарды (ассо
циация) қоздырып отырады. Кейде сүрақтар
орынсыз қойылып,
екі ұшты болса, баланың материалы еске түсіруіне кедергілік
етеді. Бүл ұстаздың есінде эрдайым сақталғаны жөн. Қайта
жаңғырту ырықты жэне ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске
түсіру — бүл
эрқашан ырықты, ниеттелген әрекет: адам алдына
күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қояды, ол үшін ой
толғанысына батып ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту
өздігінен жүріп жататын үдеріс, оның негізінде дүние
заттары-
ның уақыт пен кеңістікте болтан ұқсастық, сыбайластық не
месе қарама-қарсылык байланыстары жатады.
Қайта жаңғырту тікелей немесе жанама болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: