4.2. Ойлау жөніндегі теориялар Ойлау мәселесі көп дэуірге дейін психология саласы болудан
гөрі, философия мен логика объективы болып келді. Сондақтан
да ойлау үдерісін зерттеуде ғылым бағыттары арасындағы
күрес бірде толастамаған. Ойлау жөніндегі алғашқы
мате- риалистік бағыт классикалық сенсуализм тұжырымын не-
гізге алып, алғаш сезімдік танымда болмаған дүние санада
бейнеленуі мүмкін емес деген шешімді уағыздады. Алайда бүл
теориялық тоқтам көбіне ойлауды ес, елес бейнелерінің бірлігі
немесе ассоциация нэтижелері деп үстірт түсіндіреді. Бұлай топ-
шылаудан өнімді де белсенді үдеріс ретінде танылмаған ойлау өз
алдына дербес, үдерістік сипатынан айрылып, жақын кездерге
дейін ғылымда арнайы зерттеулер аумағынан тыс қалды.
Қарама-қарсы бағытты үстанған