қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бірге
қасиеттер мен мэнді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен
ғана көрініп қоймайды. Шынында да, біздің қабылдаудағы
танитынымыз дербес элементтердің жай косындысы емес, осы
деңгейдің өзінде де болмыс қасиеттері мен заттары өзара
қатынасты бірлікте болып, ойлаудың дүниетанымдық қызме-
тіне арқау болады. Бірақ қабылдауда заттар мен құбылыстар-
дың қасиеттері біздің санамызға жеке-дара, кейде мәнсіз, кез-
дейсоқ белгілерімен келіп түсуі мүмкін. Осыдан, ойлаудын
міндеті кездейсоқ сэйкестіктерден ажыратып, нақты заң-
дылықтарға негізделген мэнді, кажетті байланыстарды танып,
аша білу.
Қажетті эрі мэнді байланыстарды аша отырып, назарға
алғандардан кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жал-
пыға өтеді. Кеңістік пен уақыт аймағында шектелген, жеке-дара
жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан қүралған байланыстар
жалқылық сипатқа ие болады, ал эрқандай мэн кездейсоқ жағ-
дайлардың өзгерісіне карамастан жалпы сипатқа ие, ойлаудың
қызметі осы мэнді байланыстарды ашумен, оларды қорытын-
дылап, жалпыластыру;
Достарыңызбен бөлісу: