көлеміне орай бір не бірнеше рет оқылады, кейін қиын тарау-
лары бөліп алынып, өз алдына жатталады, ақырында бүтін мә-
тін қайтадан толық жаттауға түседі.
Есте қалдырудың нәтижелі болуы материал сипатына да
тәуелді. Көрнекі-бейнелі мэтін жалаң сөзден гөрі тәуір есте
бекиді; мағыналы ұштасқан мэтін жеке, байланыссыз сөйлем-
дерге қарағанда оңай жаңғыртылады. Түсіндірме мәтіндермен
салыстырғанда суреттеме мэтіндер балалар есінде тез орнығып,
ұзақ сақталады.
Табысты есте қалдырудың жэне бір тиімді жолы қажет
материалды жүйелестіре білу, яғни есте қалдыруға керек
болған заттарды қандай да белгілері бойынша топқа жіктеп,
біріктіру, мысалы, түріне, көлеміне, формасына, оқиғалардың
өту уақытына т. с.
Есте сактау.
Адам есінде қалдырғанды біршама уақыт
аралығанда жадта сақтап түру қабілетіне ие. Есте сақтау ес
үдерісінің қүрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағы-
нады. Есте сақтау динамикалык (қозғалмалы) жэне статикалық
(тұрақты) түрде көрінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: