3.4. Ес үдерістері
Есте калдыру.
Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырық-
сыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни
мақсаты бол-
маған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру, яғни
болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада
бекіп қалуы. Ми қабығындағы эрқандай үдеріс соңында бекімі
эр деңгейде болған із қалдырады.
Өмірде кездестіргендердің көбі адам есінде ырықсыз орны-
ғады: төңіректегі заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиға-
лар, адамдардың қылықтары, эншейін оқыла салған кітап
мазмұны ж. т. б., ал енді олардың эрқайсысының жадталуы бір-
дей емес. Әдетте, адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызы-
ғулары мен қажеттіктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, мінде-
тіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті
ырықсыз есте қалдырудың өзі де тандамалы сипатты, адамның
төдірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.
Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюы-
нан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білу керек.
Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп қалуы үшін адам ар-
найы тәсілдер қолданады, күрделі ақьш -ой әрекетін пайдала-
нады, Оқу-үйренім барысында ниеті есте қалдыру көп жағ-
дайда жаттап алу формасында орындалады, ягни материал
толык эрі мүлтіксіз жатталғанша, көп мәрте қайталанады.
Жаттап алуды максат етіп қою маңызды келіп, ол есте кал-
дыру үшін болған барша іс-әрекеттің мэнін айқындайды. Осы-
дан, ырықты есте қадцыру ырықсыз, ниетгелмеген есте қал-
дыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді.
Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға
қойған арнайы мақсаттарға негізделмесе, есте түрмайды.
Сонымен бірге, егер алға осы міндет қойылып, оны іске асыру
үшін қажет болған шаралар орындалып барса, есте қалдыру
тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бүл жағдайда
жалпы міндеттер белгіленумен бірге (тұтастай жаттап алу),
жеке, арнайы міндеттердің де болганы жөн. Мысалы, бір
жағдайда негізгі, басты ой-пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса,
екіншіде — сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшінші бірде — деректерді
тізбектей жаттау ниеті түрады.
Түсінікті болатын да, есте қалатын да ең алдымен біздің іс-
әрекетімізбен тікелей байланыстағы заттар, қүбылыстар. Бірақ
біздің мақсатты әрекетіміздің мазмұнынан тыс, ырықсыз есте
қалдыруға негіз болған әрекетке енбеген нәрселер көбіне
ырықты есте қалдырудың болмағанынан ойда қала бермейді.
Қалай болғанда да ескерілетін жайт: біздің жүйелі білімдері-
міздің көбі арнайы әрекет-шаралардың нэтижесінде пайда
болады, жинақталады. Мұндай ниетті эрекеттің басты мақсаты
— қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру және
тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұн-
дай әрекет
мнемикалық
(мнема — ес, жад) эрекет деп аталады.
Мнемикалық эрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қа-
жетгі бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды. Барша
жағдайда адам өзіне есте калдыруға ұсынылған объективті
басқалардан айыра біліп, қосымша эсерлерге берілмей, қайта
жаңғырту кезінде сол материал шеңберінен ауытқымауы қажет.
Мнемикалық эрекеттің таңдамалылығы осында. Материалды
жаттап алу, оны есте сақтау жэне жатталғанды еске түсіру мақ-
сатында ѳткендегілерді саналы сараптау — саналы іс-эрекеттің
айрықша формасы болып саналады.
|