Нақты кызметтік ес (оперативная память) адамның нақты
іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар жэне қимыл-
дарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандай да бір
күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек,
кейін әрекеттің эр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне
өтеміз. Осы екі арадағы нэтиже сол мезеттегі қажеттігімен
есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген максатка жақындаған
сайын есіміздегі алдыңғы бөлік нэтижелері әрқайсысы өз
кезегімен ұмытылып, естен шығып, келесі эрекет бөлігінің
ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын әрекет
бөліктерінің көлемі мен аумағы эртүрлі, мысалы, балақай жеке
эріпті қинала танудан бастаса, ересек адам, тіпті маман болса,
кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкін. Қызметтік
естің жоғары деңгейде, нетижелі болуы адамның ниетті
жаттығуларына байланысты.