мақсатына байланысты ес — ырықты, ырықсыз
болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты
болмаған психикалық үдеріс —
ырықсыз көрініс беріп, ал егер
бұл үдеріс мақсатты бағдарланған болса,
ырықты сипатқа ие.
Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы
мнемикалық (жаттау, еске түсіру) эрекеттерге орай жүзеге келеді.
Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен
келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі
ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып, соның арқасында ар
найы дайындықсыз-ақ қажетті болған тұрмыстық біліктеріміз-
дің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысыңда адамның өз
іс-эрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады.
Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті
болған материалды алға ниет етіп белгілеумен жаттаймыз не-
месе еске түсіреміз.
Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың
бастапқы кезеңіне, сыртқы әсерлер іздері бекінгенге дейін
өтетін үдерістерге аударылуда. Қандай да материал есте қал-
дырылуы үшін, ол субъект тарапынан тиісті дэрежеде өңделіп,
игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт аралығы қажет, яғни
сырттан түскен әсерлердің басы бірігетін уақыт. Бүл үдеріс —
жаңа ғана болып өткен оқиғаның біздің субъекттік санамызда
бірден ұмытылмай, онда толғаныс пайда етуі: болып өткен
оқиға енді жоқ болса да, біз оның көріністерін елестетеміз,
құлағымыздан шуы кете қоймайды. Мұндай үдерістер түрақты
болмайды, жойылып та кетеді, бірақ тэжірибе топтастыру
тетіктерінің қызметінде үлкен мэні болғандықтан, ол есте кал-
дыру, бекіту жэне қайта жаңғырту үшін қажетті естің ерек-
ше формасы ретінде —
қысқа мерзімді ес танылған. Бұл ес түрі,
жоғарыда көрсеткеніміздей, материалды аз уақыт аралығында
ғана сақтау мүмкіншілігіне ие.