тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анық-
талды. Бұл келесі сұрақты туындатты: үйрету барысында өзгер-
ген РНҚ молекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мэлі-
метті өзінде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент барысы:
жануар қажетгі әрекеггі орындауға үйретілгенді. Оның жүйке
жүйесінің бір аймағынан РНҚ молекуласы бөліп алынды, кейін
ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға
егілді. Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған
екінші жануар (жалпақ құрт) алғашқысының дағдысын қайта-
лап берді.
Тағы бір эксперимент. Планари қүрттары бірі-бірін қорек
етеді. Егер бір планариді белгілі бір әсерленуге үйретіп, оны
турап, үйретілмеген екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құртта
алғашқысының эрекетін қайталайтыны байқалған (Д. Мак-
Коннел).
Аталған эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері
дене молекулаларындағы химиялык бірікпелерде таңбаланып
(кодталып), ағзада еркін қозғалыста болатыны және олардың
бір жануардан екіншісіне ауысатыны толық дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: