Психология



Pdf көрінісі
бет211/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   322
арманшыл-
дыққа 
өтеді. Әрқилы адамдар қиялы олардың кәсіби қызме- 
тімен байланысып, негізгі қажеттіктеріне тэуелді келеді. Тұлға 
бағыты оның жоғары сезімталдығын көтеріп, осыған орай жар- 
қын жэне сан — алуан қияли елестерді туындатады. Тұлғаның 
даралық ерекшелігі оның аса көп қолданымындағы елестету 
типіне де байланысты келеді, мысалы көз елестері, қозғалыс не 
есту елестері.
Шығармашылық қияддың көрінісі осы үдерістің тұрақты- 
лығына да тэуелді. Шығармашылық — ауытқуы мол, үздіксіз 
әрекет. Оның 
шарықтауы,_тоқырауы 
жэне 
қүлдырауы 
алма- 
сып отырады. Шығармашылықтың ең жоғары деңгейі — 
ша-
быт. 
Шабыттың сипаты — көңіл-күйі 
асқақтауы, 
ой жарқын- 
дығы мен дэлдігі, қарқындылығы мен жеке күйзеліс кемдігі. 
П.И. Чайковский өзінің шығармашылық кейпі жөнінде төмен- 
дегіні жазады: «Кейбірде ойда жоқ дербес жаңа күй әуені аян 
болады. Оның қайдан келетіні — ашылмас сыр».
Шығармашылық шабыттың жарқын дәлелі ретінде Аманқос 
Мектеп тегінің майталман күйші Шэміл Әбілтай тегінің күй 
шабыты жөнінде жазған «Сиқырлы әуен, сырлы саз» мақаласы- 
нан үзінді келтіргенді жөн көрдік: «Шэмілді толғантқан бір ой 
жиі-жиі мазалай беретін. Ол арманы-күйден соғылған Бекет 
Атаның күмбезін тұрғызу еді... Майталман күйші... Бекет Ата 
зияратына әдейілеп бұрылып, әулиеге тэу етіп, басына тү- 
нейді... Ымырт үйіріліп, түн караңғысы қоюланған шақта Шә- 
мілдің түла бойын тер басып, көкірегін күй кернеп қоя берді, 
пірдің пәтихасын алған сыршыл сазгердің өзегін жарып, күй 
шалқыды... Қас қағым арасында Шэміл дегбір таппай, күй туып, 
жарылып кете жаздайды...
Әлгі әуенді тынбастан пернеден іздеп, күмарынан шыққан- 
ша үкілі домбырасын безектетеді... Аңсары ауған сазды тарт- 
қан сайын Шэміл тұяғы қызған тұлпардай ашыла түседі. Сөй- 
тіп, келесі күні қанат қаққан «Бекет -Ата» күйімен Шэміл Ал- 
матыға оралады... ».
Әр адамдағы шабыт шабысы, оның туындау себебі эртүрлі. 
Шығармашылық қиялдың жемісті болуы адамның ерік күшіне, 
үздіксіз қажымас еңбегіне байланысты. И.Е. Репин айтқандай: 
«Шабыт — маңдай тер мэуесі».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет