Психология



Pdf көрінісі
бет262/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   322
2.2. 
Ерік теориялары
Еріктік эрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғы- 
лыми көзқарастар эрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде 
де, нақты болмыстық қүбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. 
Ежелгі жэне орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің 
түсінігіміздей танып білмеген (Г.Л. Тульчинский). Мысалы, 
ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның ор- 
нына «даналық мұраты» үғымын қолданған. Адамның қылық- 
әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына жэне логика 
қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан, Аристотельдің 
пайымдауынша, эрқандай әрекет логикалық қорытындылардан 
туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде: «дэмдінің 
бэрін жеу керек» жэне «бүл алма дэмді» деген пікірлер санада 
«Бұл алманы жеу керек» деген қорытынды ой пайда етпейді, 
адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді» — деп 
жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде 
де жоқ емес. Ш.Н. Чхарташвили мақсат пен саналы тану интел- 
лектуалды эрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің 
өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жа- 
ңа бір «ерік» терминін енгізудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге 
тырысады.
Тұлға қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс 
болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған 
экзорис —
жын-шайтан қуу үрдісінен андауға болады. Бұл үрдісте адам 
шылғи да енжар (пассив) бастама күйінде танылып, сыртқы 
әсерлер жинайтын «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік


дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер 
түріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қаң- 
дай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Осы 
күштерді (тіпті нақты періште мен шайтан есімін білуге дейін) 
танудан адамның «шын» қылық-әрекетінің мэнін түсінуге бо- 
ладымыш.
Ерік табиғатын бүлай түсіндірудің себебі — сол заманда қа- 
лыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзің- 
де екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсіл- 
діктің ізі ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан қауымның 
кейбір мүшелерінің ғана ажыралуға құқы болған, мысалы, баба- 
лар аруағы жэне ол дүниемен тілдесетін — бақсы-балгер (ша­
ман), от пен металды бағындырған — темірші, өзін қоғамға қарсы 
қойған қарақшы — қанішер жэне т. б.
Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа «Қайта өрлеу» (возрождение) 
заманында тұлға мәселесімен бірге ғылым сахнасына келуі осы 
адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. 
Осыдан адам шығармашылыкқа қабілетті, «тіпті қателер жібе- 
руге де бейім» дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. 
Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан бөлінумен адам тұлғалық 
(кісілік) кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мэнді нәрсе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет