Д ер бес
тік
— еріктік әрекет барысында адамның эрқандай себептер
жетегіне түспей, басқалардың кеңестері мен ұсыныстарына
сындарлы баға берумен, өз наным, сенімдері негізінде іс-әре-
кетке келу қасиеті.
Дербестікке ие адам басқаның жэрдемінсіз-ақ мәселе тандай
алады, соған орай мақсат белгілейді, өзгенің түрткісі мен сыбы-
рына аландамайды. Әдетте мұндай тұлғалар өз көзқарасын
белсенді қорғап, мақсат, эдіс пен тәсілдерін саналы бағалаумен,
жалтақсыз іске қоса алады. Ынталылық пен дербестік тұлға-
ның еріктік сапасы ретінде, бір жағынан,
сенгіштік, бостыц,
енжарлъщ
сияқты қасиеттерге қарсы; екінші тараптан, басқа-
ның ой-пікірін, көзқарасын түгелдей жоққа шығарудан
(пози
тивизм)
аулақ қасиет.
Іс-эрекетке ниеттелу кезеңінде еріктің ұстамдылык қасиеті
үдеріске қосылады. Ұстамдылық эрекеті — сезім, ой-пікір, қа-
лыптан тыс көңіл-күйді тоқтамға келтіріп, біраз тежейді. ¥с-
тамды адам орындалатын істің түріне қарап, оған қажетті өз
белсенділігінің денгейін барластырады. Сонымен, ол көздеген
мақсатына асығып, ырықсыз эрекеттерге ұшырамай, байыппен
жетеді.
Іс-эрекеттің сан алуан сеп-түрткілерінің ішінен қажетті
болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің ба-
тылдық қасиеті бой көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |