дайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласумен қабыл-
данады. Адам «маған осы не болды» деумен, өзін жинақтап,
қажетті бағыттағы әрекетке батыл кіріседі.
5.
Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам
белгілі бір әрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңі-
лінде бұрын еленбей келген бір сеп-түрткіге қуат береді, осы-
дан жаңағы сеп-түрткі басқаларын басып, эрекет көзіне айна-
лады. Қазақтың «көз қорқақ, қол батыр» мәтелі осының айғағы.
Шешім қабылдау біршама күрделі үдеріс, оның жүрісі де
ішкі толғаныстың үдемелі қозғалысын тудырады. Ал шешімге
келуден, адам жеңілденіп, қанағаттану сезіміне бөленеді.
Бірақ шешімге келу элі жұмыстың орындалуын қамтамасыз
ете алмайды. Кейде ниеттелген эрекет те іске аспайды, бас-
тама аяқсыз қалады. Еріктік әрекеттің мәнділігі сеп-түрткілердің
тайталасы мен шешімнің қабылдануында емес, жұмыстың бел
гілі нәтижеге келуінен. Қабылдаган шешімін нәтижелі істе
көрсете алған адам ғана ерік күшіне ие деп бағаланады.
Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылы-
мына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланы-
сты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса,
онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық
ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты
білдіреді. Мысалы, шэкірт келесі жылдан бастап «беске» оқуды
жоспарлайды, яғни ниет қояды. Мұндай ниет ерікті әрекет
жасауға жеткіліксіз. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау
сатысын ғана байқаймыз. Жоспарлау — күрделі ой әрекетімен
ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-
жабдығын іздестіру кезеңі.
Жоспар эрқилы деңгейде, сапада болуы мүмкін. Кей адамдар
бэрін өлшестіріп, пайымдаса, екіншілер — жалпы, үстірт жо-
спармен шектеледі. Жақын уақытта орындалатын әрекеттер
нақты, айқын қарастырылмаса, уақыт өтумен жүзеге келетін іс-
тер күңгірттеу болады. Жоспарланған эрекет өздігінен бола
қалмайды, ол үшін ерік күші араласуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: