Психология



Pdf көрінісі
бет269/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   322
2.5. Ерік сапалары
Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол 
жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің саналы 
ұйымдастырылуы мен ретке келуі адамға өзінің сезімдерін, 
қылығын, танымдық үдерістерін басқаруға мүмкіндік береді. 
Ерік аймағындағы жеке-дара ерекшеліктер адам еркінің тұтастай 
да сипатын не ерік үдерісіндегі жеке бөліктердің мазмұнын 
құрауы мүмкін. Ерік сипаттарының жалпы бірігімін (интегри­
рование) танытатын қүбылыс — ерік күші. Ерік күші еріктік 
әрекеттің барша кезендерінде қажет, әсіресе оның айқын көрі- 
нісі кедергілерді жену мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді. 
Осы игерілген кедергілер сипатын талдай отырып, адамның ерік 
күшінің шынайы бағасын пайымдаймыз. Адамың өз құмарлығы 
мен көрсеқызарлығын бұғаулауы, өз сезімдерінің шектен тыс 
шарпуына жол бермей, ақылмен сараланбаған қылықтар жете- 
гіне түспеуі — бэрі де осы ерік күшіне байланысты.
Еріктік әрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта кө- 
рінеді. Мүдделі мақсат — бұл жеке тұлғаның өз іс-әрекетін бел- 
гілі бір нэтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай адамның 
басқа да ерік сапаларының мазмұны мен даму денгейін анық- 
таймыз. Мүдделі мақсат өмірлік қағидаттар мен мұраттарды 
көздеген, 
стратегиялъщ
не 
тактикалъщ,
бөлектенген эрекеттерді


орындауға бағытталған нақты 
қызметтік-оперативтік
болып 
бөлінеді. Мүдделі мақсаты бар адам алдына анық та нақ меже 
белгілеп, майда-шүйдеге елендей бермейді. Мұндай адамдар 
не қалайтынына, қай бағытта кадам еткеніне, не үшін күрес 
етініне ешуакыт күмэнданбайды. Бұл тұлғалар — коғамның 
нағыз жетекшілері.
Ерік эрекетінің бастапқы, іске қосылу кезеңі көбіне ынта- 
лылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты.
Ы н талы лы қ
— мол да жарқын идеяларға, байыпты жоспар 
мен ұшқыр қиялға негізделеді.
Көп адамдар үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалып- 
тасқан іс-әрекет тәсілін өзгерту. Мүндайлар өз бетінше ешбір 
іске кірісе алмай, тысқы ықпал, нұскауларды күтумен болады. 
Осыдан ынталылық дербестікпен тікелей байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет