еленбес себептерден-ақ жұмысын басқа арнаға бұрып жібереді.
Клинникалық тэжірибеде кездескен жағдай: аппраксияға ұшы-
раған бір науқас ашық тұрған шкафтың жанынан өте бере,
ішіне кіріп алыпты да, енді не істерін білмей, жан-жағына алақ-
тап түрған құсайды. Мұндай
сырқатты адамның әрекет-қи-
мылының басы бірікпей, басқаруға келмейді.
Ми сырқаты негізінде адам абулия (зақымды еріксіздік)
ауруына ұшырайды. Мұндайда эрекет иесі өз қадамыньщ қа-
жеттігін біле тура, оны іске асыруға ерік күші жетпей, керекті
шешім мен әрекетке келе алмай, жан күйзелісіне түседі.
Абулия
ми қабығындағы шектен тыс (зақымды) тежелумен мидан
берілетін импульстік ықпалдардың қажетті деңгейінің бәсең-
деуінен болады. Осьщан сырқат адам көбіне ырықсыз қылық-
тар шырмауынан шыға алмай, қиналады.
Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы эрі мақсатты
қимыл-қозғалыстарын реттеуші екінші сигналдық жүйенің ма-
ңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс (мо
торная)
куатын арттырумен бірге, барша психикалық үдеріс-
терінің: ойлау, қиял, ес, зейін, сезім — бастау көзі. Осыдан,
ырықты эрекет бас миі қабығының барша бөлікгерінің бір-
гелкі қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді (И.П. Павлов).
Тұтастай алғанда, ерік шартты рефлекстік сипатқа ие. Уақыт-
ша жүйке байланыстарының негізінде эрқилы байланыс —
ассоциациялар жинақталып, бекиді. Енді келіп түскен ақпарат
бұрыннан бар біліктермен салыстырылады. Егер келіп түскен
хабар ми қабығында бүдан алдын түзілген бағдарламамен сәй-
кес келмесе, не эрекет өзгереді, не жоспар қайта жасалады.
Ерікті реттестірудің рефлекторлық
негізі бас миындагы қа-
жетгі қозу ошағының пайда болуына тәуелді. Бұл жүйкелік қозу
ұдайы энергиялық қуатты керек етеді. Мұндай ми қажетін ерек-
ше аккумулятор сипатты
ретиқулярльщ формация
қамтамасыз
етеді. Осы ретикулярлық формация қажетті қозу ошағының куа
тын қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен жігер-
лілік танытып, көздеген мақсатына жетуге батыл қадам жасайды.