Ерік әрекеттерін іске асыру барысында, әсіресе орындаудан
соң бағалау кезеңі келеді. Баға түрлі элеуметтік-саяси, мораль-
дық, эстетикалық жэне т. б. бағыттардан беріледі, ал кей жағ-
дайда аталған талғамдардың басы бірігіп, бір бағаға арқау болуы
ықтимал. Баға тек тұлғаның адамның өлшемінен емес, іске
қатысы бар көпшіліктің пікіріне де телінуі мүмкін. Осыдан,
ұжымдык баға эрбір дара түлға әрекет-қылығының шын өлшемі
бола алады. Орындалған іс- әрекеттің бағамы қабылданган
шешімдер мен іс эдістерін қолдау, ақтау не кінәлау сипатта
көрінеді. Әрқандай баға көңіл-күй толғанысын тудырып, іс
нәтижесінен қанағаттану не қанағаттанбау сезіміне бөленеді.
Орыңдалған эрекеттің болымсыздығынан адам опық жейді, үят
қысылысына түседі. Баға жұмыстың ендігіден былай жалға-
суына, өзгеруіне не доғарылуына сеп-түрткі болады.
Достарыңызбен бөлісу: