2. Т ¥ Л Ғ А Н Ы Ң Е Р ІК С А П А Л А РЫ
1. Ерік жөнінде түсінік. 2. Ерік теориялары. 3. Еріктің
физиологиялъщ негіздері. 4. Ерік құрылымы. 5. Ерік сапалары.
6. Тұлга және ерік тәрбиесі.
2.1. Е р ік ж өн ін де т үсінік
Қандай да іс-әрекеттің қажеттігін білумен, адам соған орай
керекті шешім қабылдайды, бірақ оны орындау үшін кейде
ешбір қимыл жасай алмайды. Мұны орынды сеп-түрткілердің
кемдігімен ғана түсіндіріп болмайды. Кейде адам тіпті өз өмірі
үшін қажетті болған жүмыстарды да аяқсыз қалдырады.
Теңдей білік пен білімге, ортақ көзқарас пен сенімге ие бола
тұра, адамдар өз алдарында түрған міндеттерді бірі сылбыр,
бірі шапшаң, эртүрлі қарқынмен орындайды, немесе кей адам
іске байланысты қандай да қиыншылық кездесе қалса, жұмы-
сын қоя салады, ал екіншісі мұндай кезде қуатына қуат қосып,
өршелене әрекетке кіріседі. Адамдағы бұл кұбылыстардың бэрін
психология ерік көрінісімен байланыстырады.
Ерік — бұл адам барысында кезіккен сыртқы жэне ішкі
кедергілерді жеңуімен байланыс эрекеттерін қолдап, реттей білу
қасиеті. Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында бел-
сенділік көтеріп, өзін-езі реттеудің көзі болумен түгелдей сана
басқарымында болады. Адамның өз эрекет-қылығын реттестіре
алу қабілетінің негізінде жүйке жүйесінің өзара ықпалды қозу
мен тежелу байланыстары жатыр. Осы қағидаттарға сай ерік
саналы өзіндік басқарумен
бірге
белсенділік арттыру,
немесе
ынтстандыру
жэне
реттеу
қызметтерін де атқарады.
Ерік, яғни ырыкты әрекеттер — ырықсыз қимыл-қозғалыстар
негізінде пайда болады. Қарапайым ырықсыз қимылдар қата-
рына жататындар, мысалы, көз қарашығының тарылуы мен
жайылуы, жыпылықтау, жүтыну, түшкіру ж. т. 6. ұқсаған реф-
лексті әрекеттер. Ыстықтан қолды тартып алу, шу шыққан та-
рапқа бас бұру ж. т. б. сияқты қозғалыстар да осы топтан. Біздің
сезімдік, көңіл-күй таныту әрекеттеріміз де ырықсыз сипатқа
ие, мысалы, таңдана, қасымызды кереміз не ауызымыз ашылып
калады; қуана, күле шырай білдіріп, ашуда қабағымызды түкситіп,
тісімізді қайраймыз т. с. с.
Сонымен бірге, әрекетіміздің жалпы мақсатынан тыс, ниет-
тенбеген импульстік қозғалыстар да осы ырықсыз қимылдар
тобына кіреді, мысалы, сырттағы шуға мойын буру, қандай да
затқа бір көргеннен әуестену ж. т. б. Еріктік кылыктың ерекше-
лігі оның «мен қалаймын» емес, «мен міндеттімін» толғаны-
сының жетегінде болуы. Дегенмен, кейде адам өзінің еріктік
бағдары мен туа қылықтарын біріктіре алады, мысалы, «Мен
өз борышымды орындауды қалаймын» — «борыш» — еріктік,
«қалаймын» — импульстік. Осыдан, біздің барша өміріміз удайы
еріктік әрекеттер мен әдеттегі қылықтарымыздың өзара бай-
ланысты қатынасынан тұрады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы
қойылатын саналы әрекеттер адамға тэн бола келіп, ниеттелген
мақсатқа жетуге бағдарланады. Еріктік қылықтың басты көр-
сеткіші де осы нақ мақсатқа бағытталған саналы әрекет. Бірақ
әртүрлі ниет өзінің құрылымдық күрделілігінен көздеген ме-
зетте іске аса бермейді, осыдан еріктік эрекет өз ішіне жеке
бірліктер ретінде көп қайталанудан бастапқы саналық сипатын
жойып, автоматтанған қимыл-қозғалыстарды қамтуы мүмкін.
Кейбір еріктік әрекеттер күрделі сипатта болуынан, оның
орындалуы ұзақ мерзімге созылуы мүмкін, мысалы, тау шыңын
ерттеп мінем деген альпинист, көрмеге дайындалған шэкірт
ж. т. с. өз ойларын аяқтауы үшін талай жұмыстарға мандай
терін төге, ерік күшін сарп етуі керек.
Психиологиялық қорғаныс тетіктерін пайдаланып, кейбір
ұнамсыз қылықтар төркінін басқаларга білдірмеу мақсатымен
адам өзінің ішкі кедергілерін сырт, шынайы етіп көрсетуге тыры-
сады. Мысалы, сабаққа кешіккенін бала ұйқысырап қалғаны
(субъектив кедергі) мен жауапсыздықтан емес, мың-сан жалған
объектив кедергілермен байланыстыра салуы мүмкін: әжем ауы-
рып қалды, дәрігер шақырдым; автобус уақытында келмей қа-
лды, асығудан жығылып, үстімді бүлдіріп, үйге барып, қайта
киіндім т. с. с. Әрқандай ниеттелген мақсаттың орындалуында
түрлі объектив сипатқа ие сыртқы кедергілер кездеседі. Бірақ
кедергіні жеңуге бағытталған көрінген эрекет еріктік бола
бермейді. Мысалы, иттен қорқа қашқан бала, кейін ѳзі таң қал-
ғандай, былайғы күнде қолынан келмес әрекеттерді жасайды:
биік дуалдан секіріп өткен, жалаң аяқ жантақты жерден жүгір-
ген, сулы кең арықтан секіріп өткен т. с. с.
Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жеңу сол мақ-
саттың мэн-мағынасын терең түсіне білуге жэне адамның өз бо-
рышын саналы байыптауына тәуелді. Мақсат неғүрлым маңыз-
ды болса, адам соғүрлым қандай да кедергіден қаймықпайды.
Кей жағдайларда мақсаттың өмірден де қадірлі болуынан, адам
ол үшін жан пидалыққа барады. Аяулы ару батырларымыз Мән-
шүк пен Әлияны еске түсіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |