О қш аулау
— адамға соққы болатын жайттардың сана дең-
гейінен шегеріліп, басылуы. Мұндайда жағымсыз көңіл шар-
пулары саналы, яғни әдейі оқшауландырылып, болған оқиға
мен одан келетін әсерлер көңілге алынбайды, адам бұрын қан-
дайдамэнгеие болған оқиға немесе өз толғаныстарының шың-
дығьш іші сезіп тұрса да, оларды байқамайтындай кейіп көрсетеді.
Психологиялық қорғаныс эсері адамға қай жағдайда да өзі-
нің ішкі қалыпты көңіл-кейпін тұрақты сақтауына жәрдемде-
седі. Тіпті элеуметтік шектеулерді бұзғанның өзінде де, өз
қылығының зиян тарапын кеміте, оған ақтау табуға тырысады.
Егер адам өз қадірін тани білсе, өзінің қандай эрекетге болма-
сын кемшілік, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмты-
лады. Мұндайда адам өз эрекеттері мен мінезін өзгертеді, ал
өзгерген ұнамды тұлға сапасы оның санасын жаңалып, өмірлік
серігіне айналады. Егер адамның өз қадірін сақтауына тірек
боларлық ниеттелген қылық пен күнделікті жүріс-тұрыс
арасындағы сәйкессіздік туралы ақпарат санамен қабылданбаса,
қайшылық сигналдары психологиялық қорғанысты іске қосып,
ниет пен ақиқат арасындағы қарсылықтардың шешімі табыл-
майтын болса, адамның өзін-өзі жетілдіруі мумкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: