Психология



Pdf көрінісі
бет254/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   322
когнитивтік (таным)
бірлік — адамның біліп, қабылдайтын 
затының бейнесі;

көңіл-күй-багалау
бірлігі — нысанга болған адамның ұнатуы 
мен жек көруі;

әрекет-цылыц
бірлігі — іс нысан багытында қандай да 
әрекет етуге дайын болу, еріктік күштерді іске косу.


Мұндай сеп-түрткілер қатарына, сондай-ақ, дерексізденген 
ықпал-ниет ретінде кұмарлық та кіреді.
Өмірлік бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестіруші қасиеті 
ретінде оның психологиялық қалпын айқындайды.
Адамның іс-эрекетін бағыттаушы эрі оны нақты жағдай- 
ларға икемдестіруші тәуелсіз түрақты сеп-түрткілер жиынтығы 
жеке адамнын бағыт-бағдары деп аталады. 
Багыт-багдар
әр- 
дайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нэтижесінде қа- 
лыптасады. Бағыт-бағдар адамның қасиеттеріне айналған көр- 
сетпе-талаптар. Бағыт-бағдар кұрамына өзара байланысты, 
деңгейі жағынан бірінен бірі жоғары бірнеше формалар кіреді: 
құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік, мұрат, көзқарас, 
наным — адам бағыт-бағдарының барша формалары, оның іс- 
эрекетінің сеп-түрткілері.
Аталған формалардың қысқаша мәні:
• қүмарлық — бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық 
формасы;
• ниет — саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;
• үмтылыс — ниетке еріктік күш косылғанда пайда болады;
• қызығу — бағыт-бағдардың қандай да затты көздеуіндегі 
танымдық форма;
• қызығуға еріктік күш қосылса, бейімділік пайда болады;
• көзқарас — қоршаған дүние болмысын философиялық, 
эстетикалық, этикалық, жаратылыстану жэне басқа ғылымдар 
жүйесінде тану;
• наным — адамды өз танымы, үстанымы, көзқарастарына 
орай әрекетке ықпалдаушы сеп-түрткілер жүйесі, бағыт-бағ- 
дардың ең жоғарғы формасы.
Сеп-түрткі жоғары не томен деңгейде, саналы немесе санаға 
тіпті де байланыссыз болуы мүмкін. Адам бағыт-бағдарының 
басым болуынан саналы сеп-түрткілер туындайды. Айта кету 
керек, қажетсінулер мен сеп-түрткілер адам бағыт-бағдарының 
белгілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау түйіні, іргетасы 
ғана іспеттес. Осы іргетас негізінде адамның өмірлік мақсат, 
мұраты қаланады. 
Мақсат
нақты іс-эрекеттік жэне өмірлік бо­
лып ажыратылады. Адам өмір барысында көптеген, санқилы 
іс-эрекеттерді орындауына тура келеді, ал олардың эрбірі өзінің


нақты мақсатына ие. Дегенмен, эрбір дара іс-әрекеттің мақсаты 
жеке адам бағыт-бағдарының осы әрекетте көрінетін қайсы 
бір қырына ғана сәйкес болуы ыктимал. Өмірлік мақсатқа келе- 
тін болсақ, ол дара іс-эрекеттермен байланысқан барша жекеле- 
ген мақсаттарды біріктіруші (интегратор) жағдаят. Жеке мақ- 
саттардың әрқайсысы өз орнымен орындалып баруы түлғаның 
жалпы өмірлік мақсатының біршама іске асуын қамтамасыз 
етеді. Адамның жетістік деңгейі өмірлік мақсаттарға байла- 
нысты. Осыған орай адам өз келешегінің санадағы болмысын 
жобалайды. Мақсатты айқын тусіну мен сол мақсаттың іске асу 
жолдарын сезінуден қоғамдық тұлға — кемел адамның болашағы 
айқындалады.
Өз болашағын көрегендікпен тани білуге қажет адам қа- 
сиеттеріне кедергі болатын жан күйзелістері мен түңілулері 
психологияда — фрустрация делінеді. Мұндай психикалық 
қалып адамда оның мақсатқа жету жольшда бой бермес 
кедергілерге кезіккенінде туындайды. Фрустрациялық жағдай- 
дың белгілері — мақсатқа ерісудің қажеттік себебі анық, сонымен 
бірге оған жетудің жолында күшті кедергі барын білуден кө- 
рінеді. Адам фрустрацияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да 
жеңе алу
ы
мүмкін. Ал кейбір сындарлы кезеңдерде қиыншылық 
басымдау келіп, фрустрация әрістеп, ол адамның мақсат жо- 
лындаға эрекетінің беректсіздікке ұшырауына себепші болады. 
Мақсатты эрекет бұзылысының келесі түрлері (Ф.Е. Василюк) 
белгілі: а) қозғалысты қозу, мәнсіз қимыл-әрекеттер; б) түңі- 
ліс; в) ашуға беріліп, әрекеттен қалу; г) сіңірлі-үйреншікті 
эрекеттерді ойсыз қайталай беру; д) регрессия — өмірдің ал- 
ғашқы кезеңдерінде игерілген үлгілерге еліктей, ойсыз қимыл- 
дау (қазақта — «балалығына түсті»),
Адамның өзіндік бағасы оның өзіне қоятын талаптар дең- 
гейіне байланысты. Талаптар денгейі дегеніміз — адамның ни- 
еттеген өз бағасының қүны, я
гни
алдына қойған мақсаттың 
қиындық дэрежесіне орай көрінетін «мен» бейнесінің сипаты. 
Адам алдында түрған енді бір әрекетті қиындық дэрежесіне орай 
тандап алу мүмкіндігіне ие бола, өз бағасын көтеріңкі етуге 
ұмтылады, осыдан екі жағдайдың: бір тараптан — жоғары 
табыстарға жетісу үшін талап деңгейін жоғарылату, екінші та-


раптан — нәтижесіз қалмау үшін талаптарды жещлдету — өзара 
қайшылығы пайда болады. Әрекет нәтижелі болып шықса, адам 
алдына қоятын талаптарын, әдетте, көтере түсіп, келесі, 
күрделірек мәселелерді шешуге кіріседі, ал кері жағдайда — 
оңайлау талаптарға ауысады. Адамның өз алдына қоятын 
талаптың дэлдігі іс-әрекетінің нақтылығына байланысты. Адам 
табиғаты, әдетте, өз қадірін белгілі деңгейде сақтап жүру үшін 
өз алдына қоятын міндеттері мен мақсаттарының тіпті де күр- 
делі, сонымен бірге, әбден жеңіл де болмағанын қалайды. Та- 
лаптар деңгейінің белгілі бір қалыпқа түсуі іс-эрекеттің та- 
бысты не нәтижесіз болуын күні бұрын сезуден емес, керісінше, 
өткен төжірибедегі жетістіктер мен құлдырауларды ескере білу 
мен оларға оңды, объектив баға берілуден.
Тұлға талаптар деңгейінің әрекетшеңдігі мен мазмұндық си- 
патын жете танумен тұлғаның іс-эрекет, мінез-қылықтарының 
сеп-түрткілерін терендей білуге жэне сол арқылы адамда ұнам- 
ды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып, оған 
нәтижелі ықпал жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет