Психология


Түлга сеп -m урткіі ері жэне багыт-багдары



Pdf көрінісі
бет252/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   322
1.8. Түлга сеп -m урткіі ері жэне багыт-багдары
Адамды әрекетке келтіруші күш — қажетсіну сеп-түрткісі. 
Болмысты бейнелеудің жоғары формаларына ие адамды әре- 
кетке келтіруші сеп-түрткілер (мотивы) — саналы түзілген бейне 
не елее, ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнек- 
телуі мүмкін.
Психологияда сеп-түрткі түсінігіне келесідей анықтама бері- 
леді: сеп- түрткі — бүл адам санасында қаланып, оны белгілі 
бір қажеттікті қанатағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші де- 
терминантты күш. Ал кең мэнінде сеп-түрткі — шындыққа сай 
зандылық ретінде — ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде 
көрінетін болмыс. Ал сеп-түрткі әрекет-қылық пен іс- эрекетті 
психикалық реттеудің ерекше түрі (Р.Г. Агеева). Қорыта айт- 
қанда, адамның эрқандай қылық — әрекеті оның сеп-түрткілік 
себеп күштеріне байланысты.
Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы 
іс-әрекетке ынталандырушы сеп-түрткі жатыр. Бірақ адамда ту- 
ындаушы жэне оны іс- әрекетке ойыстырушы қандай да бір сеп- 
түрткі көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, оның нэтижесіне 
жетумен адам келесі эрекетке ұмтылады, іс- әрекет барысында 
сеп-түрткі өзгеруі мүмкін жэне керісінше, бір тұрақты сеп- 
түрткі аясында бірнеше эрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да 
орынды. Сеп-түрткі дамуы мен басталған іс-әрекет арасында 
қайшылық та туындайды. Кейде сеп-түрткі іс-әрекет жобасынан 
бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты 
эрекет нәтижесі де эртүрлі болады.
Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: сеп-түрткі кұрамы 
іс-әрекеттің бір бөлігі емес, тұлғаның 
сеп-түртілік цажетсіну
аймагы
деп аталатын күрделі жүйенің ажыралмас бірлігі. Сеп- 
түрткілік — қажетсіну аймағы тұлғаның өмір бойы қалыпта- 
сып, дамып барушы барша сеп-түрткілерінің жиынтығын аңда- 
тады. Түтастай бұл аймақ козғалмалы, өмірлік жағдайларға бай­
ланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей сеп- 
түрткілер біршама тұрақты, басымдау келіп, адам өмірінің ба- 
ғыт-бағдар өзегіне айналады.
Сеп-түрткілердің қайдан жэне қалай пайда болатыны жө- 
ніндегі сұрақ психологиядағы басты мәселелерден. Мысалы, 
А. Маслоу сеп-түрткілердің негізін бірінен бірі деңгейі бойын-


ша жоғарылай түскен (пирамида) қажетсінулер тобы деп біледі, 
олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, 
абырой қажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндік- 
терін ашып, оларды жүзеге асыра алу (самоактуализация). Бірақ 
А. Маслоу таңдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйе- 
сінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ оқшауланған тұлға. Қоғам, 
талым пікірінше, дара адам дамушы мекен, коршаған орта ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет