Психология



Pdf көрінісі
бет253/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   322
Б. Ф. Ломов
басқа да орыс психологтарының пайымдаулары 
нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне 
қосылып, сол жүйенің оның санасында бейнелеуіне негізделеді. 
Б. Ф. Ломов сеп-түрткілік — қажетсіну аймағы мэнін (құрамы, 
құрылымы, қозғалысы) жэне сол аймақтың дамуын түсіну үшін 
тұлғаның басқа түлғалармен ара байланыс, қатынастарын 
қарастыруды қажет деп санайды. Адамның сеп-түрткілік айма- 
ғының басқа жағдаяттардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуел- 
діліктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп 
өлшемді жэне сипатты екенін бірде ұмытпау лазым. Дара адам 
өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болтан тікелей 
байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның 
қажетсіну аймағы коғамдық өмірдің күшті ықпалымен әрістей 
бастайды (саяси пікір, саясат, этика жэне т. б.) Адамның қажетсіну 
талаптары қоғамдық кұрылымдардың эсерімен де дамиды. 
Мұндай құрылымдардың ең карапайым түрі — нақты тұлға 
мүшесі болтан адамдар қауымдастығы. Адал қажетсінуі көп 
жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір 
қауымдастық, шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауы- 
мдастықтар тобы сан қилы ауысып өзгерістерге келіп отырады. 
Осыдан адамның сеп-түрткі — қажеттіктері оның ішкі жан- 
дүниелік эрекеттерінің нэтижесі тана емес, ол эртүрлі адамдар 
бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бір 
деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу — адамның өзіндік 
даму зандылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байла­
ныс қатынастарынан, тұтастай қоғамға араласуынан болатын 
үдеріс екенін ұмытпау керек.
Адамның көптеген сеп-түрткілерінде өзі араласқан эртүрлі 
қауымдастықтарға тэн қажетсінулер бейнеленуі мүмкін. Осы­
дан, сеп-түрткі өте күрделі де ауыспалы құбылыс. Дегенмен, 
адам қара басына ықпал жасаушы өзінің рухани күштерін (түл-


ға мақсаттары, мұраттары, қажетсінулері, өмірлік бағыт-бағдар 
жэне т. б.) көп жағдайда сезе бермейді. Егер олай болғанда, 
адам мүлтіксіз өзіндік санаға ие болумен, өз жөнінде шексіз 
хабардар болып, өзіне өзі нақ баға бере алған болар еді. Ал, 
шынына келсек, нақты адам өзі жөнінде өзгелерден кемдеу бі- 
леді, басқалардың ол турасында бағасы шындыққа сәйкестеу 
келеді. Әлбетте, эрбір адам дер мезеттегі нақты эрекеттерінің 
тікелей мақсатын айқын сезеді, оз өмірінің бүге-жігін одан ар- 
тьщ ешкім де білмейді. Ал таңданғандай жайт: адам өзінің қан- 
дайда бір қылық әрекеттерінің дэл себептерін көбіне анықтап 
бере алмайды не айқын білмейді. Адам әрекеті, қылықтары 
сеп-түрткілерінің көбі оның өзі сезіп білмеген ықпалдар жете- 
гінде жүреді.
Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі — 
психика-
лъщ көрсетпе-талаптар (установки).
Көрсетпе-талаптар пси- 
хологияда түлғаның қандай да қажеттілігін қанағаттандыру үшін 
болған әрекетке өзі сезінбеген дайындық, бейімділік қалпын 
танытады. Көрсетпе-талап, қорытындылап айтқанда, — объек­
тив белгілі бір күйді қабылдауға, түсінуге, мэнін аңғаруға күні 
бүрын дайын болып, бейімділік танытып, сол саналык дайын- 
дықты өткен тәжірибемен үштастыра әрекетке кірісуге негіз.
Түрақтанған психикалық көрсетпелер тұлғаның әрекет қы- 
лықтарын айкындап отырады. Мұндай көптеген көрсетпе- 
талаптардың мэнін құрайтын сипат — алдын ала шешімін 
дайындап қою — адамның жеке тәжірибесінен алынған асы- 
ғысты, толық пайымдалмаған қорытындылардың немесе бел­
гілі қоғамдық топта қабылданған сіңірлі пікір — ой стандарт- 
тарына бағынышты болудың нәтижесі.
Қоғамдық өмірдің әрқилы жагдайларына байланысты көр- 
сетпе-талаптар ұнамды да ұнамсыз болып, сенім (убеждение) 
сипатын алуы мүмкін. Көрсетпе-талаптар кұрылымы үш бөлік- 
тен тұратыны зерттелген:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет