Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құн-
дылықтары қайта қарастырылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке
оқиғалар жиынтығы ретінде еске алынады. Тек өмірдің алғашқы
ширегі ғана ең ұзақ, қымбат эрі бақытты көрініп, қайталана жадқа
келе береді. Қалған шақтардың бэрі қысқа да сарсаң өмір
күйбеңіндей көрінеді. Көп жайт естен шығады. Өткендегі
күйзелткендер мен қинағандардың баршасы мэнін жоғалтып,
елеуден қалады. Осы жайтты даналықпен түсінген ұлы бабамыз
Қожа Ахмет Иассауи былай депті: «Баз кештім елу екіде
жиғанымнан, Мал-мүлкім артық емес бір жанымнан». Ендігі
өмірдің эр күні жылдарымдай шалт ағып, ізін жуып-шайып,
өткеннің бэрін татымсыз күйге түсіреді. Кешкен дүние тұман-
данып, көз алдыңнан кете бастайды. Солай да болса, кейбір ба-
стан өткен қызғылықты оқиғалар анда-санда жылт ете, көрініп,
көңілді рахатқа бөлейді. Осының бэрі уақыт ендігіндегі адамның
барша «Мені» санада сақталып қалмай, оның кейбір көріністері
ғана бекіп қалатынын дәлелдейді.
Өмірдің екінші жартысының мэні бірінші өмір бөлігінде
топталған материалды жэне рухани қордың шамасымен күні
ілгері анықгалады.
Адам мінезінің сан-қилы көріністері жас сатыларына байла-
нысты әрқилы. Бұған дэлел «Диуани хикмет» шумақтары:
Достарыңызбен бөлісу: