Психология



Pdf көрінісі
бет317/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   322
дары н ды лы қ
деп атайды. 
Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, 
көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу жэне психомоторлық 
кызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тэн қасиет- 
тер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, эрқашан қызметке 
дайын болу. Мұндай тұпғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде 
ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды 
білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі 
анатұрлым жоғары.
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қа- 
жырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 
жасар баланын бір іспен үзбей шұғылдана any уақыты. Басқа 
қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған 
іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше 
күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, эрекетін 
тоқтатпайды.
Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен епті- 
лік, дағдыларды игеріп эрі жетілдіріп баруға тікелей тэуелді.
Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығу- 
шылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға құ- 
мар, екінші — тарихқа жэне біреулер — қоғамдық жұмыстарға 
кошбасшы (лидер) болуда өз дарындылығын іске қосып, оны


нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі. Мысалы, мұғалім дары- 
ндылығының көрсеткіштері келесідей: 1)оқуматериалын шәкі- 
рттерге түсінікті күйге келтіру; 2) оқушы көңіл-күйін қалтқысыз 
тану; 3) жұмыста шығармашыл болу; 4) балаларды өз еркіне 
көндіре алу; 5) балалар ұжымын біріктіруге қабілеттілік; 6) сөз 
мәнерлігі мен мазмұндылығы; 7) сөйлеу көркемділігі мен на- 
нымдылығы; 8) педагогикалық әдептілік; 9) оқу материалын 
тұрмыспен байланыстыра алу; 10) шәкірттерге қаратылған бай- 
қағыштық; 11) педагогикалық талапшылдық (Ф.Н. Гоноболин).
Қабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыралады. 
Нақты іс-әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген 
қабілет — шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет 
аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде 
пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қыз- 
меттерімен байланысты келеді. Алайда, бұл шеберліктің дайын 
ептіліктер мен дағдылар бірлігінен туындайтынын білдірмейді.
Әрқандай кэсіптегі (мұғалім, дэрігер, ұшкыш, спортшы жэне 
т. б.) шеберлік кез келген жаңа мэселелерді шешуге қажет бол­
тан психологиялық дайындықты қажет етеді. Шебер маман 
үшін шығармашылық міндетті тусіну мен оны орындау жолда- 
рын табу — екеуі өзара байланыста қабылданады, іске асады, 
яғни «не істеу» жэне «қалай істеу» арасында жік болмайды.
Шеберлік деңгейі — өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-эрекет 
барысында адамның қабілет түзілімі, тұлғалык мэні қалып- 
тасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып 
барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым еліктеуден бастап, 
кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәреже- 
сіне көтеріледі.
Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін пси- 
хологиялық кұбылыс — талант. «Талант» сөзінің төркін мэні: 
ежелгі грек қауымында байманап өзі жоқта жұмыстан 
қашқақтамасын деп еріншек кұлына беретін күміс ақша бірлігі 
— талант аталады екен, ақылдан жұга кұл оны алудан, пайдалы 
айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын бол­
тан. Осыдан халықта «таланты кұм болды», «таланты көмілді» 
деген ұғымдар сақталып қалған. Қазіргі күнде талант арнайы 
қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік, әдеби шығармашылық


және т. б.) жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияқты 
талант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамнын 
қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажы- 
ралады.
Таланттың оянуы тікелей қоғамдык болмысқа тэуелді. Қай 
бағытгағы дарындылықтьщ жол алуы дэуір қажеттігі мен әлеу- 
мет алдында тұрған нақты міндеттерге байланысты. Мемлекет- 
тің дамуы инженерлік жэне конструкторлық таланттардың 
жегілуінен, мемлекеттің көркейген кезеңінде эн-күй, әдебиет 
таланттары шығады, ал соғыс уақытында — талантты әскери 
қалбасшы 
дүниеге келеді. Осыдан, қазак арасынан шыққан 
Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Б. Момышұлы, Қажымұқан, Р. Рымбаева 
— эрбірі өз дэуірінің саңлақтары.
Талант — көптеген қабілеттердің байланысы, біртүтастығы. 
Өте жоғары дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант 
дәрежесіне көтеріле алмайды. Мысалы, кейбіреулер 10 таңбалы 
не оданда көп санды лезде көбейтеді не бөледі, бірақ математик 
емес, бола алмайды да.
Қабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шындалу дең- 
гейі — данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі 
котам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында 
белгілі із қалдырған адам тана данышпан бола алады. Өркениет- 
тің 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға 400-ақ кемеңгер 
көтеріліпті (Коте). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда 
жүрген замандастарымыз акьін Олжас Сүлейменов, сынаушы- 
ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров қазақ данышпандарыньщ 
бірінші ондығынан.
Адамның шыгармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына 
себепші рухи көтеріңкілік пен ерекше күш-куат туындайтын 
кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға же- 
тектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын психологиялык 
қалып — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет