Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галльдың «Фре
нология» (phrenos — ақыл, logos — білім) деп аталған психо-
логиялық тағылымында дәріптеледі. Френологтар адамның
психикалық ерекшеліктерін оның бас сүйегінің сыртқы фор-
масымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мэні: бас
миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған (локализа
ция) бірқанша орталықтардан құралады. Осьщан,
мидың тиісті
бөлігінің ауқым-көлемінен онда мекен алған қабілеттің даму
деңгейі анықталатын көрінеді. Арнаулы зерттеулер негізінде
эрқайсысы белгілі дара қабілетке сай келетін бас сүйегінің
27 учаскесі анықталып, картаға түсірілген. Осы картадан музыка,
поэзия, сурет өнеріне сай «кабілет ісіктерін», менмендік,
сараңдық, батырлық «қабілет дөңестерін» жэне т. б. айыруға
болады екен. Дегенмен, кейінгі дэуірде эдейі медициналық ашып
көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының формасын тіпті
де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның ақыл
жэне адамгершілік қабілеттерін бас сүйегінің «дөңестігі» не
«сайларымен» анықтау ғылым тұрғысынан ерсі эрі негізсіз.
Солай да болса Ф. Галль ұсынған
мидің мекендік қызметі
жөніндегі жорамалы ғылым үшін ете маңызды болды. Бұл идея
кейін Фрич жэне Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып, дами
түсті. Аталған бағытты зерттегендер арасында Ч.Ф. Дарвиннің
эволюциялық теориясына негіздеп, қабілеттің тұқым қуа-
лаушылыққа байланысты екенін тұжырымдаған Ф. Гальтон
есімі өз алдына. Әлемге эйгілі тұлғалар өмірнамаларын талдай
отырып, Гальтон адам табиғатын
жетілдіруде аса дарындылар-
дың нәсілдік зандылықтарын ашу жэне пайдалану қажет деген
қорытындығы келді. Осы идеяны жалғастыра отырып, XX ғ.
Котс жоғары қабілеттілігі бірнеше әулетте байқалған 400 адам
тізімін түзді. Бұл қатарда аса белгілі болтан неміс музыкантта-
рының тобын ұлғайтқан Бах отбасынан шыққандар. Бах
жанұясындағылардың алғашқы эн-күй қабілеті 1550 жылы
көрініс берген. Әулет атасы В. Бах — қарапайым наубайшы
күй тартып, эн салғанды сүйген. Оның екі баласынан өрбіген
Германияны екі ғасыр бойы дүркіреткен музыканттар легі үз-
діксіз жалтасып барған. Бах жанұясынан 60 музыкант шық-
қан, солардың 20-сы аса көрнектілері, ал
осы эулетті әлемдік
176-22
өшпес даңққа бөлеген эйгілі композитор — Иоганн Себастьян
Бах. Осындай ғажайып қабілет кұбылысын қазақ эн-күй өнерін
дамытуда көзге түскен жерлесіміз Төлеген Момбеков шыққан
эулет тарихынан да байқауға болады (Р. Бердібай).
Әлбетте, мұндай әулеттік жоғары қабілеттің нәсілдікпен
байланыстылығын ешкім де жоққа шығара алмас дегенмен бұл
арада қабілет негізі ретінде әлеуметтік тэрбиенің өте маңызды
екенін мойындамауға болмайды. Бесігінен эн-күй теңізінде
шарықтап, шалқып өсуіне
қолайлы жағдай қалыптаспағанда,
сол бағытта ана сүтімен қосып үлкендердің музыкалық тәр-
биесін алмағанда, ол баланың кім болары бір Аллаға аян.
Жоғарыда аталған тұқымқуалаушылық идеяларына тікелей
қарсы шыққан ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын бірбет-
кей әсірелеумен болды. XVIII ғасырдың өзінде-ақ К.А. Гель
веций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге бола-
тындығы туралы ғылыми еңбектерін жариялады. Бұл бағыт
тарапындағылар дамуы өте кешеуілдеген тайпа балалары оқу,
тәрбие нетижесінде Европа зиялыларының деңгейіне көтеріл-
генін дәлелдейтін кейбір
деректерді тілге тиек етіп, өз
идеяларының дұрыстығын негіздеп бақты. Сонымен бірге, бұл
еңбектер элеуметтік тәрбие аймағынан мүлде тыс қалған жағ-
дайда жастардың орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдық
қасиеттерден жұрдай «маугли», «тарзан» болатынын бетке ұс-
тады. Белгілі мэдениет аймағында ерекше арнайы қабілеттердің
орнығатыны да осы зерттеулерге негіздеме ретінде келтірілді.
(А.А. Леонтьев, О.Н. Овчинникова, Ю.Б. Гиппенрейтер).
Мұндай тұжырымдардың ізімен эртүрлі адамда оқу мен
тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті
дамытуға болатыны жө-
нінде қорытынды жасалды. Осы көзқарасты қолдаумен аме-
рикан ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан
қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) эрекеттер бағдарла-
масына байланысты екенін дәлелдеп керсетеді. Қазіргі күнде бұл
идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз дарынды балаларын «өсіретін»
арнайы орталықтар ұйымдастырып жатыр (Филадельфия ин
ституты), Қазақстанда арнайы «Дарын» орталығы іске қосылды,
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев мектептері, университеті өз элит-
ті тэлім-тэрбие істерін бастады.