Психология


Т Ү Л ГА Л Ь ІҚ Қ А Б ІЛ Е Т П С И Х О Л О ГИ Я С Ы



Pdf көрінісі
бет313/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   322
6. Т Ү Л ГА Л Ь ІҚ Қ А Б ІЛ Е Т П С И Х О Л О ГИ Я С Ы
1. Қабілет жөнінде түсінік. 2. Қабілет теориялары. 3. Ны-
шан және цабілет. 4. Қабілеттердің даралыц сипаттары.
6.1. Қабілет жөнінде түсінік
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті 
орындауы қажет жэне сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз 
етуге жәрдем беретін сапаларга ие болуы тиіс. Мұқдай дара 
психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзін- 
дік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден — эркімде өз 
алдына, қайталанбас көрінісінен тұлға қабілеті деп аталады. 
Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, 
бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, 
біріншісі психологиялық құбылыс емес, екіншісі — баршада 
бірдей көрінетін эрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен 
байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық 
дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарьшта қарастыру 
керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-эрекетті 
тезірек меңгереді, қажетті, мол нэтижеге оңай жетеді. Қабілет өз 
ішіне эртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық 
үдерістерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму 
деңгейін қамтыған эрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның 
сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет 
табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық жэне 
білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, 
ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді 
атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында 
кабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде 
бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: 
қолайлы жағдай болса енеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойы- 
лады. Осыдан, қабілет — білім, ептілік жэне дағдыларды игеру- 
дің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйтгерге 
тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалық қабілет болуы 
ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама-математик боларының


кепілі емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл пе­
дагог, отбасы мүмкіндіктері жэне т. б.) орындалмаса, қабілет да- 
мымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың 
болмай жатып, қүрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте 
«уштік» бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн элемге 
эйгілі ғалым-физик болыпты.
Білім, ептілік жэне дағдылардың игерілуімен олардың қа- 
білетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті 
игеру барысыңда қатыса отырып, қабілет одан эрі дамиді, іс- 
әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді. Математиканы оқыма- 
ған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыкка 
шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мэселе 
шепіу жэне т. б. барысында ғана қалыптастыру мүмкін.
Сонымен, қабілет білім, ептілік жэне дағдылардың өздерінде 
көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динами- 
касыңда (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нэти- 
жесі, орындалу деңгейі мен тэсілдерінің тиімділігі қабілетке 
тәуелді.
Қорытындылай келе, «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қа- 
былдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М. Теплов) атайық:
1. 
Қабілет — бір адамды екіншісінен ажырататын дара пси- 
хологиялық ерекшелік. Баршага бірдей тэн қасиеттері қабілет 
бола алмайды. 2. Қабілет — барша тұлғаға тән болған ортақ сапа 
емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс- 
әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3. Қабілет 
— нақты адамда топталған білім, ептілік жэне дағдылардан 
оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасыңдағы қатынасты сөз ете отырып, 
егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, 
оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға 
қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды 
қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы 
тиіс, ал тэрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен 
шеберлік пайдалануы лазым. Эйгілі режисер В. Немирович- 
Данченко «Кім болса, сол режисер бола алады ма?» деген сұ- 
раққа «Әлбетте, эркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл


оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге -30 жыл, үшіншіге — 300 
жыл да аз», — деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті 
уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай 
қалыптасуы мүмкін.
Көрінген іс-әрекет тұлға қабілетін дамыта алмайды. Адам 
тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет 
дамуына ықпалсыз, керісінше, көрінген қабілет нышандарын 
тежеп, олардың жойылуына себепші іс-эрекеттер барын байқау 
қиын емес. Мысалы, егер эн-күй не шығармашылық қабілеті 
бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен шұғылдануына 
тура келсе, эрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған қабілеттер- 
дің дамуына оң эсер етуі екіталай.
Жеке тұлғаға байланысты дамушы іс-әрекет жайында эңгіме 
қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның 
барша мүмкіндіктерін 
жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі 
қажет. Сондықтан, нақты әрекеттің дамытушылық қасиетін тану 
үшін оны тұлғамен байланыстыра сипаттау керек. Бұл жағынан 
бүкіл адам өмірімен қабысқан кэсіби қызметтің өзі де иесі үшін 
аса мэнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар 
мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндік- 
тері мен тұрмыстык, бай тәжірибесін толық және жан-жақты 
ашып бере алмайды.
Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның се- 
бебі — қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сэйкестіктің бол­
мауы. Бұл сәйкессіздіктің мэні: эрқандай қабілет өзінде қалаған 
іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты 
орындалып жатқан іске қарағаңда ауқымды да кең мағыналы. 
Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен ке- 
ңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. «Қалыпты 
адам өзінің дене жэне ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана 
пайдаланады. Қолданған жэне онда пайдаланбай қалған мүм- 
кіндіктер айырмашылығы — адамның кім болып танылғаны мен 
элі де кім болатынының көрсеткіші» (Коупленд Г.Т.)
Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) жэне мүмкін (по­
тенциальные) болып екіге бөлінеді.
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да тү- 
рінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың 
өзгеруімен қызмет желісіне 'қосылуы мүмкін.


Нақгы қабілеттер қатарына жалпы кызмет бабында іске аса- 
тыны ғана емес, сонымен бірге дэл бір уақытта жэне нақты 
шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған 
жэне нақты қабілеттерді тұлға қабілетінің дамуына ықпал етуші 
элеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға 
болады. Себебі қоғамның эр тарихи даму кезеңінде қалыптас- 
қан элеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей 
түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп 
не пайдалану сэті болмай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет