Психология



Pdf көрінісі
бет315/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   322
6.3. Нышан жэне қабілет
Өмір бақылаулары мен арнайы зертгеулер кабілеттің табиғи 
берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума 
берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-эрекетті 
табысты орыңдаудың шарты болатын ми құрылымының тума 
ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеггер дамуының табиғи 
негізі болған мидің құрлымы, сезім мүшелері мен қозғалыс- 
тардың анатомиялық-физиологиялық нэсілдік ерекшеліктері 
ны ­
ш ан 
деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи 
айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, 
дал осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының ба- 
стауы болғаңдықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу 
осы екі құбылыстын өзара ұштасып, байланысқа келуінен бо- 
лады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол ны- 
шанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бас- 
тауын ғана алған даму үдерісінің нәтиже жемісі.
Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ец алдымен ми қызметінен — 
қарқынды не бәсең қозулардан, жүйке үдерістерінің қозғал- 
малылығынан, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не 
баяулығынан жэне т. б., яғни И.П. Павлов генотип (жүйке жүйе- 
сінің тума ерекшеліктері) деп атаған қүбылыстан көрінеді. Ми- 
дің қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана қабілетіне ықпал 
жасайды. Толық қан айналымы — ми қызметінің ақыл-ой, зейін 
шоғырландыру, жақсы есте калдыру, жүйке байланыстарының 
(ассоциация) тез жүруінің, сана жұмысымен шаршамай, мүлтік- 
сіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.
Мидің тума қасиеттері адамның типологиялық ерекше- 
ліктерінде екі түрде көрінеді (И.П. Павлов): 1. Жоғары жүйке 
жүйесіне тэуелді; 2. Бірінші жэне екінші сигналдық жүйелер- 
дің арақатынасына байланысты.
Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі кыз- 
метінің типі (күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы жэне т. б.) 
үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке үдерістерінің күші, тепе-тең- 
дігі жэне қозғалмалылығымен (белсенді тип) байланыса оты- 
рып, адамның үйымдастыруіііылық қабілеттерінің қалыпта- 
суына қажет көптеген еріктік жэне тілдестік қасиеттердің тү- 
зіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.


Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші не екін- 
ші сигнал жүйелерінің аз немесе көп эрекетке қатысуынан қабі- 
леттердің 3 типі (И.П. Павлов) ажыралады: көркемөнерлік (кө- 
біне бірінші сигналдық жүйеге негізделген); ой-саналық (көбіне 
екінші сигналдық жүйеге негізделген); аралас (екі жүйе де 
бірдей қатысқан). Осыдан, «суреткерлер» — обьектгі тұтас бей- 
нелеуге бейім, «ойшылдар» талдаумен, элементтерге ажырата 
тануға шебер, ал «аралас» қабілеттер қалыпты дамыған адам- 
дардың бэріне тэн құбылыс.
Нышандардың эртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы 
бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық жэне 
суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нэзік есіту қасиеті — 
музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу — болашақ суреткер 
болудың алғы шарты.
Нышандар дамуы әлеуметтік үдерістерге тікелей тэуелді. 
Егер қоғамда белгілі бір кэсіпке қажеттік туып, қандай да 
адамнын, сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа 
қажет нэзік есту қасиеті), онда оның нақты еңбекке араласуға 
болған қабілеті тез эрі жогары денгейде қалыптасып, дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп 
мағыналы келеді, сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс- 
эрекет талабына орай әртүрлі 
қабілеттер қалануы мүмкін. 
Осыдан, жақсы есту эрі эуен ырғағын сезінуден адам күй орын- 
даушы, дирижер, биші, өнші, музыка сыншысы, педагог, компо­
зитор жэне т. б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ 
қабілеттер мен іс-әрекеттердің саналуан болуынан нышан жеке 
адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет