маңцай шектерінде туған импульстерді жеткізетін ретикулярлы
формация талшықтары (өрлі және төмен бағыттағы) өте күшті
дамып, шоғырланған. Осылардың арқасында қабықта қалып-
тасқан тілек-ниеттердің мазмүнына сай ағзаның жалпы қалпы
реттеліп, керек болса, өзгертіліп тұрады.
Мидың мандай шектері ен алдымен ағзаның белсенділігін
көтеру қызметін атқарады, қабық қуатына дем беріп отырады.
Қарқынды ақыл жұмысы ми қабығының көбірек қуатын керек
етеді. Осындай көздер маңдай шектерінде бірдей қозып, бір-
лікті эрекет ететін бірнеше нүктелер пайда болады.
Маңдай аймағының зақымдануынан сырқаттар тілек-ниет-
терін ұзақ уақыт сақтай алмайды, эрекет бағдарын ұмытып
қалады, бағдарламаға тура болмаған импульстерге қарсы тұра
алмай, әрекетті қажеггілікке орай басқара алмайды. Мұндай
науқастар өз назарын алдында тұрған міндетке шоғырландыра
алмай, ойын басқа бірдеңеге ауыстырып жібереді.
Адам ми қабығының мандай шегі эрқандай іс-әрекеттің
өзбетінше реттеу-реттелу қабілетін қамтамасыз етеді.
Біз бас миы қызметін қамтамасыз етуші топтардың қысқаша
сипаттамасын бердік, ми қызметінің қағидаттарына тоқтадық.
Ал енді ми қызметіне қажет нақты тетікдерді түсіну үшін, адам-
ның психикалық өмірінің негізінде жаткан физиологиялық тетік-
тер жөніндегі осы заманғы пайымдаулар сипатын таныған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: