Психология


Ми ңызметінің физиологиялық негіздері



Pdf көрінісі
бет62/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   322
4.4. Ми ңызметінің физиологиялық негіздері
Жан әрекеттері негізінде жатқан мидың күрделі жұмыс фор- 
малары рефлекстер (жауап эрекеттер) сипатында құрылған. Бар- 
лық рефлекстер екі үлкен — шартты жэне шартсыз — топқа 
бөлінеді. Шартсыз рефлекстер тума, көп өзгеріске келе бермейді, 
бас ми қабығынан төмен орналасқан жүйке жүйесінің бөлікте- 
рімен іске асырылады. Мұндай рефлекстер ағзаның коршаған 
ортаға икемделуін шектелген жағдайларға байланыстырып, 
аздаған тітіркендіргіштерге жауап күйінде, түрақты сипатқа ие 
болады. Сондықтан шартсыз рефлекстер жәрдемімен сырттың 
ауыспалы әсерлеріне онша икемсіз келетін ағза эрекеттері ғана 
бастау алады. Ал қоршаған орта жағдайлары өте көп өзгере 
беретіндіктен, олармен бірге ауысып түратын басқа да жауап 
эрекеттер формасы өте қажет.


Ағзаның тіршілік барысында (өмірлік тәжірибе негізінде) 
қалыптасатьш жаңа өзгермелі әрекет — жауаптар формасы — 
шартты рефлекстер
аталып, олар жоғары дамыған жануарлар 
бас миы кабығында жасалады. Шартты рефлекстер түзілуде 
ағза үшін бұрын мэнге ие болмаған тітіркену әсері енді ағзаға 
тікелей маңызды басқа тітіркендіргіштің сигналына айналады. 
Бұған дейін бейтарап эсер енді жаңа сигналдык қызметке 
ауысады.
Шартты рефлекстердің жасалуынан мида бүрын болмаған, 
жаңа 
уацытша байланыстар
қалыпқа түседі. Бүл байланыстар 
жоғары жануарлар мен адамдарда психиканың бас тірегі (субст­
рат) болган үлкен ми сыңарларының қабығында орайласады. 
Зерттеулердің дәлелдегеніндей, жануарлар бас миының қабығы 
алынумен жаңа, уақытша байланыстар мен бұрыннан барлары да 
жойылып кететіні белгілі. Ми қабығы алынған ит қозғалады, 
қоректенеді, бірақ иесін танымайды, төңірегіндегі заттарды 
ажырата алмайды.
Шартты рефлекстердің жасалу заңдарын ашқан И.П. Павлов. 
Ғалымның зерттеулері нәтижесіңде, шартты рефлекстер немесе 
тұйықталған уақытша байланыстар үлкен ми сыңарлары 
қабығының қызметіне негіз болатыны дәлелденді. Сондықтан 
бас миының қызметі 
түйъщтаушы әрекет
деп те аталады.
Сезім органдарына эсер етуші тітіркендіргіш бас миы 
қабығының белгілі бір аймақшасын қоздырады. Бұл қозу бір 
орында бекіп қалмай, қабық бетіне, жақын жердегі қабық ас- 
тына түгелдей жайылады (иррадиация). Бұл 
қозу иррадиациясы
барлық бағытта бірдей болмайды. Бас миы қабығында нақ ме- 
зетте ең көп қозу болған орын, тұрақты қозу көзі — 
доминанта
деп аталады. Егер бас миында тұрақты доминанта пайда болса, 
онда көрінген әрқилы әлсіз әсерлерден болған қозулар да осы 
күшті орталыққа қарай тартыла тарайды. Доминанта, мидағы 
ықпалды қозу орталығы жөніңдегі теория — көрнекті орыс фи­
зиологи 
А. А. Ухтомский
еңбектерінің жемісі.
Шартты рефлекстердің жасалуы үшін күшті кедергі тітір- 
кендіргіштердің болмауы үлкен маңызға ие. Егер мұндай қо- 
лайсыз жағдай туа қалса (сабақ уақытында орынсыз шу, кино 
залындағы орынсыз сыбыр, т. б.), қалыптасудағы шартты бай-


ланыстардың түзілуі қиындайды, ми қабығындағы байланыс 
жасаушы бөліктердің жұмысы тежеледі.
Шартты рефлекстердің түзілуі үшін бас миы қабығының 
белсенді эрекеттік қалпы да өте қажетті, яғни ағзаның жалпы 
сергектігі болған жөн.
Уақытша байланыстар тұйығы — ми қабілетінің 
біріктіру-
шілік
(синтезирующий) 
әрекетінің
негізі. Сонымен бірге, 
шартты рефлекстердің жасалуы рефлекс туындататын әсерді 
бөліп тануға байланысты, яғни ми қабығы синтездік жұмыспен 
қоса талдау (анализ) қызметтерін орындайды. Осы шартты 
рефлекстер негізінде жатқан ми қабығының талдау-біріктіру 
(аналитико-синтетическая) қызметі ағзаның өмір жагдайла- 
рына икемдесуін қамтамасыз етеді.
Шартты рефлекстерге байланысты жэне бір маңызды мәселе
— бұл 
жүйке үдерістерінің жүрісі
(динамика). Үлкен ми 
сыңарларындағы жүйке үдерістері нақты бір орында басталып, 
жүйке жүйесінің басқа бөліктеріне жайылады. Бұл қүбылыс — 
иррадиация
деп аталады. Таралу үдерісіне қарсы -жүйке үдері- 
сінің бір орында 
шогырлануы
(концентрация). Жүйке үдерісінің 
екеуі де — қозу жэне тежелу — шоғырланады да таралады. Бұл 
үлкен ми сыңарларындағы жүйке үдерістері қозғалысының 
негізгі формасы болумен тітіркендіргіш әсерлердің қуатына 
тәуелді келеді.
Жүйке жүйесінің қызметінде маңызды құбылыстардың бірі
— жүйке үдерістерінің 
өзара индукциясы,
яғни қозу мен теже­
лу бір-біріне күшейту не әлсірету ықпалында болады. Бас ми 
қабығының бір бөлігіндегі қозу төңірегіндегі ауданшаларда 
тежелу үдерісін туындатады 
(кері индукция).
Ал белгілі нүк- 
тедегі тежелу оны қоршаған аймакта зіне қарсы қозу үдерісін 
пайда етеді 
(оң индукция).
Өмірдің табиғи жағдайында тітіркендіргіштер ощнауланып, 
дараланбайды. Әдетте, олар бір мезгілде не бір ізділікпен 
көрінеді. Қалаған эсер — тітіркендіргіштердің бір мезеттік тобы. 
Сондықтан қоршаған ортада үйлесім табу үшін ми көптеген 
эсерлерге бірдей жауап қайтару мен бір жүйені екіншісінен 
айыру мүмкіңдігіне ие. Үлкен ми сыңарларының жеке тітіркен- 
діргіштерді бүтін топқа біріктіре алу мүмкіндігі — 
бас ми
кабыгының жүйелеу кызметі
деп аталады.


Ми қабығы жұмысындағы жүйеліліктің маңызды көрінісі — 
динамикалык стереотип
немесе тітіркендіргіштердің белгілі 
тобына болған жауаптардың тұрақты кайталанушы бүтін 
жүйесі. Ми қабығының жүйелі жұмысы күрделі эрекет түрлерінің 
орындалуына көмектесіп қоймастан, оған қоса жүйке бай- 
ланыстарын түзуде үлкен үнемділікке жеткізіп, ұзақ уақыт есте 
сақтауға жэрдемін тигізеді. Белгілі байланыстар жүйесіне ие 
адам қандай да бір заттың не құбылыстың бір элементі бойынша 
оны бүтіндей жаңғыртуға қабілетті келеді, ал өз кезегінде бүл 
қасиет білімдер, ептіліктер мен дағдылар бекімін біршама 
жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет